Спорт • 06 Қыркүйек, 2020

ТМД ойындары бір жылға шегерілді

500 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ТМД елдері арасында алғаш рет өтеді деп жоспарланған ТМД ойындары 2020 жылдан 2021 жылға шегерілді, деп хабарлады Olympic.kz.

ТМД ойындары бір жылға шегерілді

Пандемияның әлемде жалғасуына байланысты ұйымдастырушылар осындай шешім қабылдаған. ТМД ойындары бастапқыда Ресейдің Қазан қаласында 20-27 тамыз күндері өтеді деп жоспрарланған болатын. 


Алайда, ойындар коронавирус пандемиясына байланысты қыркүйекке ауыстырылған еді. Аталған ойынға 14-тен 23 жасқа дейінгі спортшылар 21 спорт түрінен 284 жүлде жиынтығын сарапқа салады делінген.

Ұйымдастырушылардың болжауынша, 11 елден, атап айтқанда, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Молдова, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікістан, Түркіменстан, Өзбекстан және Украинадан 3500-ге жуық спортшы қатысады.  

 

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35