Қостанайдағы Ішкі істер министрлігіне қарасты Шырақбек Қабылбаев атындағы академияның қызметкері Мырзабек Тұйғанов таяуда ғана атасынан қалған кітаптар қорын ақтарып отырып, Абай Құнанбайұлының 1939 жылы Сәбит Мұқановтың алғы сөзімен латын қарпінде шыққан кітабын тауып алды, деп хабарлайды Egemen.kz
Күтпеген жерден үлкен олжаға кенелген қызметкер көне кітапты жұмыс орнына құшақтап барып, әріптестеріне көрсетеді. Ұжым болып танысып, қарап шыққан әріптестері: "Өте құнды, сирек кездесетін кітап екен. Мұны академия бастығына көрсетейік" деген ұсыныс тастайды. Осылайша киелі кітап басшылықтың қолына тиеді.
Кітапты парақтап қарап шыққан академия басшысы Нұрлан Биекенов: "Бұл шынында да жақсы кітап екен ғой. Мұндай кітаптар көп кездесе бермейді. Сирек құндылықтың бірі екен. Мұны курсанттарымызға таныстырайық. Олар да көрсін, оқысын. Кішігірім тұсаукесерін өткізейік. Бұл данышпан Абайдың еңбегі ғой. Абайдың еңбегі бүкіл халыққа ортақ. Сондықтан бұл кітаптың бір үйде немесе бір оқу орнында қалып қойғаны жарамас. Одан да мұны облыстық кітапханаға тарту етсек қалай болады?" деген ақыл қосады. Мырзабек сәл ойланып тұрып, – Мұныңыз жөн екен, – деп көне кітапты оқу орнының мұражайына уақытша сақтауға тапсырады.
– Бұл кітаптың бір құндылығы алғы сөзін Сәбит Мұқанов жазған екен. Ол да латын қарпінде. Жинақ негізінде екі томдық. Оның бірінші томы – бізде табылған кітап. Екінші томы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың алғы сөзімен шыққан. Ол кітап, әзірше, қолда жоқ. Табылған кітаптың сапасы реставрация жасауды қажет етеді. Сырты көк түсті жұқа матамен қапталған. Мұқабалары ажырап, тозыңқырап қалған. Бірақ қаріптері оқуға келеді. Жыртылған беттері бар. Басы 19-шы беттен басталады. Соңы 272-ші беттен біткен. Жалпы жинаққа енген өлеңдер мен поэмалар толық сақталған. Алғы сөзінен біраз бет, одан кейін кітап соңындағы түсініктемелерден біраз бет жоқ. Енді осы жоқ беттерін іздеп тауып, толықтырып, кітаптың көшірмесін жасап, өзімізге қалдырып, түпнұсқасын облыстық кітапханаға тапсырамыз ба деген ойымыз бар, – деді академияның ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің бастығы Құрбанәлі Елмұратов.
Тағы бір айта кететін нәрсе, Мырзабек Тұйғановтың атасы көзі ашық, көкірегі ояу, өте білімпаз, адам болса керек. Ол кісі бұған дейін де қазақ шежіресін жазған кісі екен. Оны белгілі ақын Ақылбек Шаяхметұлы жеке кітап етіп бастырып шығарып беріпті.
Жоғарғы оқу орны қызметкерлерінің айтуынша, жаңа табылған Абайдың көне кітабы облыстық кітапхана қорында жоқ. Құнды кітапқа ұлы ақынның өлеңдері мен "Ескендір", "Әзім әңгімесі", "Масғұт" поэмалары енген. Осы аптаның соңына таман академияда "Тіл апталығы" өтеді. Ш.Қабылбаев атындағы білім ордасы сол апталықтың аясында Абай кітабының тұсаукесерін де өткізуді жоспарлап отыр. Одан кейін құнды кітап облыстық кітапханаға тарту етілмек.
«Новая волна-2021»: Қазақстан атынан кім өнер көрсетеді?
• Бүгін, 17:00
Сенат Төрағасы Ресей Елшісімен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 16:39
Президент отандық вакцина өндірісін арттыруды тапсырды
Президент • Бүгін, 16:37
2,4 млн теңге пара алып, 72 миллион теңге айыппұл төледі
Қоғам • Бүгін, 16:35
Атырауда жолаушылар автобусы аударылды
Аймақтар • Бүгін, 16:26
Ұлыбритания Қытайдан «Шыңжаңдағы геноцидті» тоқтатуды талап етті
Әлем • Бүгін, 16:14
БҚО-да мәслихат депутаты коронавирустан қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 16:01
Спутник-V мен Qaz-Vac вакцинасы ауруды қоздыра алмайды – Манар Смағұл
Коронавирус • Бүгін, 15:41
Қазақстан құрамасы Косовомен жолдастық матч өткізеді
Футбол • Бүгін, 15:38
Тұтынушыны ұрып өлтірген дәмхана иесі сотталды
Аймақтар • Бүгін, 15:32
Алматыда жүк көлігі мен автобус соқтығысты
Оқиға • Бүгін, 15:30
Жеті боксшымыз жартылай финалда жұдырықтасады
Спорт • Бүгін, 15:21
Елімізде қашан күн жылынатыны айтылды
Ауа райы • Бүгін, 15:09
Дулыға Ақмолда: Менің ешкімге ұқсағым келмейді
Өнер • Бүгін, 15:00
Қоғам • Бүгін, 15:00
Сенаторлар агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелерін талқылады
Парламент • Бүгін, 14:48
Нұр-Сұлтанда тағы бір аула клубы ашылды
Елорда • Бүгін, 14:29
Аралда есірткіні заңсыз тасымалдағандар жазаларын қоғамдық жұмыс арқылы өтеуде
Аймақтар • Бүгін, 14:09
Жүзушілеріміз Беларусь елінде қос күміс алды
Спорт • Бүгін, 13:42
Nur Otan-да ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерейтойына дайындық барысы талқыланды
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы • Бүгін, 13:27
Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 13:04
Ақмола облысы «қызыл аймаққа» қайта енді
Аймақтар • Бүгін, 13:00
Мемлекеттік хатшы: Фермерлер өткізу нарықтарына делдалсыз шыға алатын болуы тиіс
Үкімет • Бүгін, 13:00
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясында тағы бір кадрлық тағайындау болды
Тағайындау • Бүгін, 12:45
Алматыда тағы бір сауда орталығына жарылғыш зат қойылды
• Бүгін, 12:43
Мергендер Италияда сайысқа түседі
Спорт • Бүгін, 12:36
Экономика • Бүгін, 12:30
«Ashyq» қосымшасына тіркелген нысандар демалыс күндері де жұмыс істейді
Елорда • Бүгін, 12:13
ЕҰУ мен Оңтүстік Калифорния университетінің профессорлары бірлескен конференция өткізді
Қазақстан • Бүгін, 12:10
Алматылық санитарлар бюджеттен қаржы жымқырған
Аймақтар • Бүгін, 12:00
Кибералаяқтар СҚО тұрғынын 2 миллион теңгеге алдады
Аймақтар • Бүгін, 11:50
Алматыдағы сауда үйлердің біріне жарылғыш зат қойылған
Аймақтар • Бүгін, 11:45
Нұрлан Нығматулин: Салық заңнамасын жетілдіру Мәжілістің басты назарында
Қазақстан • Бүгін, 11:38
Елордада карантин талабын сақтамаған 734 мекеме анықталды
Елорда • Бүгін, 11:30
Ла-Суфриер жанартауы атқылап жатыр
Әлем • Бүгін, 11:29
Билік өкілін қорлаған азамат қоғамдық жұмысқа жегілді
Қоғам • Бүгін, 11:24
АҚШ Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларын қолдайды
Қазақстан • Бүгін, 11:18
Президент отандық вакцинаны әзірлеген ғалымдарға алғыс білдірді
Президент • Бүгін, 11:15
Қазақстанда телерадиохабар тарату уақытша тоқтатылады
Қазақстан • Бүгін, 11:09
Биыл мүгедектігі бар 5,4 мың адам жұмысқа орналасты
Қоғам • Бүгін, 10:57
Есіл өзенінен ер адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:52
23 cәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 10:46
Бұрымдыларымызға бас жүлде бұйырмады
Спорт • Бүгін, 10:31
130-ға жуық босқын Жерорта теңізіне батып кетті
Әлем • Бүгін, 10:30
Семей қаласының әкімі қанша жалақы алатынын айтты
Қоғам • Бүгін, 10:09
Шиелі ауданының 42 жастағы тұрғыны алғаш рет төлқұжат алды
Қоғам • Бүгін, 09:55
Елордада жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады
Қоғам • Бүгін, 09:53
Энтони Блинкен: АҚШ Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларын қолдайды
Саясат • Бүгін, 09:41
Қазақстанда 32 адам коронавирустан қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:35
Петропавлда есірткі зертханасы анықталды
Аймақтар • Бүгін, 09:20
2 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:19
Теңіз жаяу әскерлері жас сарбаздармен толықты
Қоғам • Бүгін, 09:18
Төрт боксшымыз бас жүлде үшін таласады
Спорт • Бүгін, 09:09
Елімізде бір тәулікте 2307 адам вирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:06
Өскемен, Семей, Аягөз – «қызыл аймақта»
Аймақтар • Бүгін, 08:45
Қыран қанатында қалықтаған жыр
Руханият • Бүгін, 08:43
Руханият • Бүгін, 08:39
Электронды коммерцияны дамытуға бағытталған жоба
Экономика • Бүгін, 08:36
Қайырымды істер марафоны жалғасуда
Руханият • Бүгін, 08:33
АҚШ климаттың жылынуына алаңдаулы
Әлем • Бүгін, 08:30
Индонезияда сүңгуір қайық жоғалып кетті
Әлем • Бүгін, 08:29
Жаңа терминал инвестициялық әлеуетке серпін береді
Экономика • Бүгін, 08:25
Мемлекет кепілдігімен кәсіп ашқан ана
Қоғам • Бүгін, 08:21
Руханият • Бүгін, 08:15
Аймақтар • Бүгін, 08:12
Спорт • Бүгін, 08:10
Тарих • Бүгін, 08:08
Бокс • Бүгін, 08:06
Ұқсас жаңалықтар