Жедел тергеу тобының іздестіру шараларының барысында күдікті ретінде Қызылорда қаласының 58 және 29 жастағы тұрғындары ұсталды.
Қазір күдіктілер Қармақшы АПб-нің уақытша ұстау абақтысына қамалып, бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 300-бабы 2-бөлігінің 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.