Аймақтар • 07 Қыркүйек, 2020

Атырауда "Сервистік әкімдік" фронт офистері ашылады

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Сервистік әкімдік" мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелерді бір орталыққа біріктіріп, азаматтарға қолайлы жағдай жасау мақстаында ашылғалы отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырауда "Сервистік әкімдік" фронт офистері ашылады

"Тұрғындар білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау, тұрғын үймен қамтамасыз ету, сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары мәселелеріне қатысты қызметке бір жерден қол жеткізеді. Бұл халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін қайталамайды. "Сервистік әкімдік" фронт офистері әкімдік ғимаратының бірінші қабатында орналасады» -деп хабарлады облыстық әкімінің баспасөз қызметі.

"Сервистік әкімдік" фронт офисінде қызмет алушы үшін арнайы электронды кезек залы, келушілер үшін күту залы, тегін Wi-Fi желісі мен банкомат, төлем терминалы, арнайы e-gov порталына қосылған терминал болады. Әкімдіктердің тұрғындармен «Ашық диалог» форматында жұмыс істеуі үшін open space залы жұмыс істейді.