Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Сергей Громов пен Мәжіліс депутаты, палатаның Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Ерсұлтан Бектұрғанов Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Парламенттік Ассамблеясының Қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі тұрақты комиссиясының Ереван қаласында 30-31 қазанда өтетін көшпелі отырысына қатысуда.
Көшпелі отырыс аясында комиссия мүшелері ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздігінің Кавказ аймағындағы әскери-саяси жағдайын талқылайды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.