Спорт • 08 Қыркүйек, 2020

Юлия Путинцева ширек финалға жолдама алды

63 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері әлемнің 35 ракеткасы атанып отырған 25 жастағы қазақстандық теннисші, Юлия Путинцева Нью-Йоркте өтіп жатқан АҚШ-тың ашық біріншілігінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz

Юлия Путинцева ширек финалға жолдама алды

Жүлде қоры 53 400 000 долларды құрайтын жарыстың алғашқы айналымдарында америкалық Робин Монтгомери, беларуссиялық Вера Лапко мен Александра Сосновичке сан соқтырған жерлесіміз төртінші кезеңде Петра Мартичпен кездесті.

Әлемдік рейтингте 15 сатыға жайғасқан 29 жастағы Хорватияның өкілі былтыр US Open турнирдің дәл осы межесінде сүрінген болатын. Биыл да сол жағдай айна-қатесіз қайталады. Қос ойыншы арасындағы кездесу 2 сағат 30 минутке созылып, жерлесіміздің пайдасына шешілді. Есеп – 6:3, 2:6, 6:4. Осылайша, Путинцева өзінің спорттық карьерасында алғаш рет айтулы жарыстың ширек финалында бақ сынау құрметіне ие болды.

Юлия Путинцеваның келесі қарсыласы – Дженнифер Брэйди. 25 жастағы АҚШ теннисшісі қазіргі кезде WTA рейтингінде 41 орынды иеленуде.