Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенаты бюросының отырысы болды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Бюрода Қаржы және бюджет комитетіне еліміздің заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобалары берілді.

Сондай-ақ, осы комитет «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2014-2016 жылдарға арналған кепілдік берілген трансферт туралы», «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, Астана бюджеттері арасындағы 2014-2016 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» және «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобаларына бас комитет болып белгіленді.
Депутаттар сондай-ақ, палатаның бүгін болатын отырысының күн тәртібін де талқылады. Отырыста бірқатар халықаралық келісімдерді ратификациялау туралы заң жобаларын қарау жоспарланып отыр.