Руханият • 08 Қыркүйек, 2020

Н.Тілендиев шығармаларына арналған онлайн байқау өтеді

618 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласындағы "Ұлы адамдарды мақтан тұту керек. Олардың есімдері тарихта жоғалмауы керек, бүгінгі күннің мақтанышы болуы керек" деген сөздеріне сүйене отырып, Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік Филармониясының ұжымы музыкалық өнер саласындағы өткен және қазіргі заманның ұлы қайраткерлерінің бейнелерін қалыптастыруға және олардың шығармашылығын ұлықтауға бастама жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Н.Тілендиев шығармаларына арналған онлайн байқау өтеді

Осы бастама негізінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы 2020 жылдың 30 қыркүйегі мен 4 қазан аралығында КСРО Халық әртісі Нұрғиса Тілендиевтің 95 жылдығына арналған "Әлқисса" фестивалін өткізуді жоспарлап отыр.

Аталған фестиваль аясында Н. Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық "Отырар сазы" оркестрінің және шақыртылған әртістер мен  ұжымдардың қатысуымен бірқатар іс-шара, сондай-ақ, 1-29 қыркүйек аралығында көрнекті композитордың шығармаларын орындаудан музыкалық мектептер, колледждер мен шығармашылық жоғары оқу орындарының оқушылары және музыкалық ұжымдар әртістері арасында домбырашылар мен әншілердің республикалық онлайн-байқауын өткізу жоспарлануда.

Фестиваль бағдарламасы:

1 – 29 қыркүйек домбырашылар мен әншілердің республикалық байқауы;
29 қыркүйек  18:00 – онлайн-байқау жеңімпаздарын жариялау;
30 қыркүйек 19:00 – филармония Үлкен залында фестивальдің ашылуы;
1 қазан  16:00 – филармонияның Камералық залына Н.Тілендиевтің есімін беру салтанатты рәсімі (барлық санитарлық талаптардың қатаң сақталуымен). 19:00 – концерт

2 қазан  17:00 – музыкатанушылардың қатысуымен Н.Тілендиевтің шығармашылығына арналған конференция; 19:00 концерт 

3 қазан 15:00 – филармонияның Youtube арнасы арқылы композитордың мерейтойына арнайы дайындалған деректі фильмнің көрсетілімі; 19:00 концерт 

4 қазан 19:00 – фестивальдің жабылуы, арнайы шақыртылған әртістердің және онлайн-байқау жеңімпаздарының қатысуымен Гала-концерт.

"Байқаудың мақсаты мен маңызы терең. Ұлы композитордың шығармашылығын кеңінен насихаттау, патриотизмді, рухани-адамгершілік үйлесімділікті дамыту, жас музыканттардың қалыптасуы мен дамуына ықпал ету, олардың шығармашылық әлеуетін іс жүзінде іске асыруға жәрдем беру, көркемдік талғамын тәрбиелеу, кәсіби дәстүрлі музыка әлеміне тарту, Республикалық балаларға және жастарға білім беретін мекемелер мен ұжымдардың өзара ара-қатынасын және тәжірибе алмасуын ұйымдастыру, келешекте бірлескен шығармашылық жұмыстар жасауына ықпал ету; Еңбек нарығында болашақ музыканттар мен орындаушылардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, олардың шығармашылық белсенділігі мен рухани білім деңгейін дамыту және ұлттық музыкалық мұраға деген ынтасын арттыру", дейді өнер ордасының ұжымы.

Байқау 1-29 қыркүйек аралығында онлайн форматта өтеді. 

Байқау номинациялары: 

 • "Домбыра"

• "Вокал"

Қосымша мәліметті  +7 702 8098007 телефон нөмірінен немесе[email protected] электронды мекен-жайынан алуға болады.