Аймақтар • 08 Қыркүйек, 2020

Жетісайда мақта терім науқаны басталды

428 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы Жетісай ауданы Талапты ауылында "Алтын" шаруа қожалығы өз иелігіндегі 15 гектар аумақтың 5 гектарынан арнайы терім машинасымен 11 тоннадай мақта жинады,  деп хабарлайды Egemen.kz.

Жетісайда мақта терім науқаны басталды

"Биыл мақта жинауды ертерек бастап отырмыз. Бұл өз кезегінде өнімді жерде қалдырмай толық жинап алуға септігін тигізеді. Арнайы комбайнмен мақтаны жинау қол теріміне қарағанда тиімді. Бұйырса алдағы 2-3 күнде бірінші терімді толық жинап боламыз",  дейді шаруа қожалығының төрағасы Қуанышбек Ауашов. Былтыр аудан бойынша 46 655 мың гектарға мақта егіліп, одан 122 мың тонна өнім алынған болатын. Биыл 48 943 мың гектарға мақта егілген, 125 мың тонна «ақ алтын» жинап алу болжануда.