Экономика • 08 Қыркүйек, 2020

Астық өнімінің болжамды көлемі елдің ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз етеді - Айдарбек Сапаров

12 рет көрсетілді

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Жаңа егін астығының сапасына баға беру әлі ерте, өйткені лицензияланған элеваторларға оның аз ғана бөлігі келіп түсті. Бұл ретте, негізінен астық қабылдау кәсіпорындарына кептіру мен өңдеуді қажет ететін кондициялық емес астық тасымалданатынын, ал  кондицияларға жауап беретін астық көлемі көбіне ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қоймаларында сақталатынын айта кеткен жөн. Элеваторлардың астықты қабылдауға дайындығы мәселесі карантиндік шараларды күшейту мүмкіндігін ескере отырып астықты алқаптардан элеваторларға үздіксіз тасымалдау мәселесі сияқты тұрақты бақылауда", - деді Айдарбек Сапаров.

Оның айтуынша, астық өнімінің болжамды көлемі елдің ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз етуге, сондай-ақ белгілі бір көлемде экспортқа жөнелтуге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар