Аймақтар • 08 Қыркүйек, 2020

Шалғай ауылдағы шарапатты іс

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шоқ жұлдыздай шағын ғана Жаңақима ауылында жаңа спорт залы бой көтеруде. Бір айта кетерлігі, нысанның салынуына ауыл адамдарының өздері жұмылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шалғай ауылдағы шарапатты іс

Спортқа жанашыр жандар 2 миллион теңге қаражат жинапты. Қалған қаржыны сыртта жүрген ауыл азаматтары қоспақ. Жаңа спорт залында күрес, бокс, фитнес залдары және үстел үстіндегі ойындары орналастырылады.

Ауылдағы жеке кәсіпкер Наталья Коцюба ойын балалары үшін арнайы зал ашты. Жобаның құны – 3 миллион теңге. Несін айтасыз, мұнда жас ұрпақтың жағдайы қапысыз ойластырылуда. Таяуда балалар дәмханасы  да ашылған болатын. Онда дәмі тіл үйіретін тәтті тағамдар сатылады. Қазір балалар ғана емес, ата-аналары да дәм татуда. Бір айта кетерлігі, Наталья «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша біліктілігін арттырып, өз ісін дөңгелетіп отыр. Шағын ауылдағы тіршіліктің түтіні түзу ұшып келеді.