Экология • 08 Қыркүйек, 2020

Мағзұм Мырзағалиев: Ағын суларды тазалау құрылғыларын модернизациялауды жеделдету керек

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Министр Атырау мұнай өңдеу зауытындағы ағын суларды тазалау құрылғыларының модернизациясымен танысты. Сондай-ақ, мұнда механикалық тазалау ғимараттарының, ағын сулардың ашық тоғандарының реконструкциясын, 860 гектар аумақтағы "Тухлая балка" булану алаңының рекультивациясын жүзеге асыруға бағытталған "Тазалық" жобасы іске асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Мағзұм Мырзағалиев: Ағын суларды тазалау құрылғыларын модернизациялауды жеделдету керек

Зауыт басшыларының ақпаратына сәйкес, механикалық тазарту ғимараттарының реконструкциясы 2021 жылы аяқталады. Қалған жұмыстарды 2023 жылы аяқтау көзделіп отыр.

«Бұл жұмысты сапалы әрі тезірек жасау керек. Аймақтағы экологиялық жағдай мен атыраулықтардың өмір сапасы осыған тікелей байланысты. Жобаны жеделдету қажет»,- деді министр Мағзұм Мырзағалиев.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің тапсырмасына сәйкес Атырау мұнай өңдеу зауытында ауаның ластануы жөніндегі ақпаратты қаладағы LED-экрандарға жариялау басталды. Ал аталған министрлік Атырау облысындағы экологиялық проблемаларды шешу үшін Жол картасын дайындап жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Еріктілер күш біріктірді

Волонтер • Бүгін, 10:51