"Алматы қ. музейлер бірлестігі" КМҚК (Алматы мұражайы, Ықылас атындағы ұлттық аспаптар мұражайы, Д. А. Қонаев мұражайы, Н. Тілендиев атындағы Мемориалдық мұражайы, С. Мұқанов және Ғ. Мүсірепов атындағы әдеби-мемориалдық мұражай кешені, Райымбек батыр дәстүрлі музыка мультимедиялық мұражай кешені) күнделікті 10.00–ден 19.00–ге дейін жұмыс істейді.
Сондай-ақ, Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар мұражайында Азия және Еуропа музыкалық аспаптарының жаңа залдары ашылған.
Карантин кезінде Алматы хайуанаттар бағында керік, зебра, Пржевальский жылқысының құлыны, бұғы, ақбөкен, түйе, жапон тырнасы, эму түйеқұсы және тағы басқалар дүниеге келді. Әр түрлі құстар мен жануарлардың жүзден астам баласы бар. Экспозицияда барлық жануарлар төлдерімен бірге көрсетілген.
Хайуанаттар бағы күнделікті сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін жұмысын қайта бастады. Кассалар бұрынғы жұмыс кестесінен бір сағат бұрын жабылады.
Қалалық кітапханалар да әдеттегідей 9.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Кітаптарды үйге 15 күнге алуға болады. Орталықтандырылған кітапхана жүйесі онлайн режімінде көптеген басқа іс-шараларды өткізеді. Атап айтқанда, қазан айында балалар жазушысы С. Бегалиннің 125 жылдығына арналған онлайн режімде Халықаралық конференция өткізу жоспарлануда.
Мәдени нысандарға кіретін кезде қатаң түрде әлеуметтік қашықтықты сақтап, қорғаныс маскаларын тағу қажет.