Бүгінде Сарыағаш ауданы тұрғындарының арасында «көршің ерте тұрса, одан да ерте оян» деген қағида қалыптасқан. Әсіресе, көрші өзбек елінің диқандарымен арадағы шынайы бәсеке ерте оятатыны анық.

Егіншілік, бау-бақша шаруашылығы саласы бойынша жақсы көрсеткіштерге ие ауданда еліміздегі жылыжайлардың жалпы көлемінің 42 пайызы, ал облыстағы жылыжайлардың 63 пайызы тиесілі. Аумағы 696,8 гектарға жеткен жылыжайлардан бірінші айналымда 64 860 тонна көкөніс жиналып, саудаға шығарылды. Дегенмен оңтүстік қақпа саналатын, шекара шебіндегі ауданда ауыз су, мектеп, сапалы интернетпен қамту сынды өзекті мәселелер баршылық.
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы 14 мың шақырымдық шекараның 206,7 шақырымы Сарыағаш ауданының бойында. Яғни, Сарыағаш ауданы Өзбекстан Республикасының Қыбырай, Ташкент, Занги-ата, Жаңа жол және Шыназ секілді 5 ауданымен шекаралас. Шекара бойындағы аумақта аудан халқының 80 пайызы шоғырланған. Көршімен бәсекенің нәтижесіне тоқталармыз, алдымен осыдан үш жыл бұрын «Egemen Qazaqstanda» көтерілген бір мәселеге назар аударайық.
Де факто – қазақстандық, де юре – ешкім емес…
«Шекаралық аудандағы Бағыс, Хиебан (бүгінде Кескен), Достық елді мекендерінде ең өзекті де, жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан мәселе бар. Соның бірі – Бағыстағы жағдай бүкіл елге жақсы мәлім. 1285 тұрғыны, 210 отбасы бар Бағыс елді мекеніндегі жер мәселесі 2001 жылғы 16 қарашада жасалған Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекара туралы шарт күшіне енбеуіне байланысты шешімін таппай отыр. Сондықтан Өзбекстаннан өткен жерлерге кадастрлық нөмір берілмеуде. Қазақ ауылы әлі күнге Қазақстан картасына енбеген. Салдарынан шекаралы аумақтағы тұрғын үйлерге берілген мемлекеттік актілер заңсыз деп танылып, жергілікті жұрт әлеуметтік құжаттарды да ала алмай қалған. Елді мекендегі 210 үйдің 17-сі ғана Қазығұрт ауданына тіркелген. Осы секілді жағдай Құркелес ауылдық округінің Хиебан елді мекенінде де орын алып отыр. Ондағы 18 үйдің 116 тұрғыны «ауада ілініп» тұр. Яғни қолдарында Қазақстанның жеке куәлігі бар болғанымен, мекенжайы жоқ. Сарыағаш ауданында болғанымызда Хиебанға барып, осы мәселе бойынша тұрғындардың пікірін тыңдадық.
«Құжат, жеңілдіктер қажет болғанда «мой адрес не улица, не дом...» деген өлеңді еске аламыз. Түсіністікпен қарайтын әкімдердің, ауылдастардың барына шүкір», дейді тұрғындар.
«Мен 1999-2004 жылдары делимитациялау және демаркациялау жөніндегі үкіметтік комиссияның жұмыс тобына мүше болғанмын. Ол кезде аудан әкімінің бірінші орынбасары едім. Мынау тұрған шекара, көк бағана ортада тұр, – деді бүгінде зейнеткер Исақ Оспанов шекаралық белдеуді нұсқап. – Содан бері қарай 30 метр шекара қоршалған. Бүкіл шекара бойындағы 30 метр қашықтыққа 2007 жылы мемлекеттік акті берілген. Шекарадан бері 32 гектар суармалы жер бар. Қазақстан жағында. Сол 32 гектардан беріректе үйіргелік жерлерімен 18 үй орналасқан. 2008 жылдан бастап мына 32 гектар жердің барлығына азаматтарға мемлекеттік акті берілді. Алайда 18 үй оны ала алмайды. Қазір қолдарында Қазақстан Республикасының жеке куәлігі бар. Басқа ешқандай құжаты жоқ. Тіпті, мекенжай анықтамасын ала алмайды. Өзінің тұрған үйіне мемлекеттік акті ала алмай отыр. Ешқандай жеңілдік жоқ. Бұл мәселе барлық тиісті мекемелерге айтылған. Бәрі біледі. Шешудің қандай жолы бар дейсіз ғой, айтайын. Аудандық мәслихаттың әкімдікпен бірлесе жасаған 2009 жылы шыққан қаулысы бар. Ол күшін жойған жоқ. Соны облыстық мәслихат бекітпей отыр. Облыстық мәслихат бекітіп, қаулы шығарып берсе болды, бар мәселе шешімін табады». Бағыс пен Хиебандағы жағдай ұқсас. Ал Достық елді мекеніндегі 13 тұрғын үй мен 1 коммерциялық нысан мемлекеттік шекара белдеуінде қалып отыр. Үкіметтің 2014 жылғы №356 қаулысына сәйкес мемлекеттік шекара белдеуі 100 метр қашықтық деп белгіленуіне байланысты», деп жазыппыз «Оңтүстік қақпа еліміз туралы оң пікір қалыптастыра ала ма?» атты мақаламызда («Egemen Qazaqstan» 25 сәуір, 2017 жыл). Үш жылдан астам уақыт өтті, аталған мәселе шешімін тапты ма? Бұл сұрақты біз аудан әкімдігіне жолдаған едік. Сарыағаш ауданы жер қатынастары бөлімінен төмендегідей жауап алдық:
«Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасы туралы шартты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі заңымен бекітілген екі ел арасындағы Қазақстан-Өзбекстан Мемлекеттiк шекарасы туралы шарт бойынша (Сарыағаш ауданымен шектесетін бөлігіндегі) Өзбекстан Республикасына қарасты болған Бағыс және Кескен (бұрынғы Хиебан) елді мекендері тұрғындарымен Қазақстан Республикасына өткен. Алайда Мемлекеттік шекараны демаркациялау жұмыстары бүгінгі күнге дейін толық аяқталмауына байланысты тұрғындардың тұрып жатқан тұрғын үйлері мен үйіргелік жер учаскелерін заңдастыру мәселесі шешімін таппай отыр.
Осыған байланысты жоғарыда көрсетілген елді мекендердің жерлерін Сарыағаш ауданының шекарасына қосу мақсатында Сарыағаш ауданы әкімдігі (29.03.2019 жылғы №131 қаулы) мен Сарыағаш аудандық мәслихатының (28.03.2019 жылғы №36-348-VI шешім) бірлескен шешімі қабылданып, түпкілікті шешім қабылдау үшін (05.04.2019 жылғы №1303 хат) Түркістан облысы әкімдігі мен Түркістан облыстық мәслихатының қарауына ұсынылған. Мемлекеттік шекараны демаркациялау жұмыстары толық аяқталғаннан кейін Бағыс және Хиебан елді мекендерін Сарыағаш ауданының шекарасына енгізу жұмыстары жүргізілетін болады. Аталған мәселе облыс және аудан басшылығының тікелей бақылауында». Яғни бұл мәселе әлі толық шешілмей отыр.
600 орынды мектепте 2 мыңдай оқушы білім алады
Шипалы суымен танымал Сарыағаш ауданында тұрғындарды таза ауыз сумен қамту өзекті мәселенің бірі болып отыр. Дегенмен бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыс аз емес. Мысалы, биыл 7 айда Тегісшіл және Мәдениет елді мекендеріне құбырлар жүргізіліп, 38 немесе 53,5% елді мекен таза ауыз сумен қамтылды. Жылдың соңына дейін қосымша 3 нысанның құрылысын аяқтап, таза ауыз сумен қамтылған елді мекендер санын 41 немесе 57,7%-ға жеткізу жоспарлануда. Қазіргі таңда 2 елді мекенді таза ауыз сумен қамтамасыз ету нысандарының құрылысын жүргізу үшін қаржы бөлініп, мердігер анықталған. Құрылыс жұмыстары тамызда басталды, нысан 2021 жылға өтпелі. Аудан әкімі Мұхит Отаршиевтің бастамасымен жергілікті бюджеттің құрылым тәртібіне өзгеріс енгізілген. Ауылдардағы жол, мектеп, су, мәдениет, жарықтандыру, газ, абаттандыру сынды мәселелерді електен өткізіп, басым бағытты таңдау үшін ауданның ситуациялық картасы жасалған.
«Сол ситуациялық картада ауданның тыныс-тіршілігі толығымен көрініс табады. Мысалы, мектепке байланысты алсақ, әр ауылдық округте қанша бала, оқушы бар? Қанша мектеп, қанша балабақша жұмыс істейді? Келесі жылы мектеп табалдырығын аттайтын балақайлардың саны қанша болады? Осының бәріне жауап іздейміз. Биыл проблема жоқ болғанымен, келесі жылы қиындық туындауы мүмкін. Өйткені Сарыағаш – демографиялық өсімі жоғары аудандардың бірі. Дұрыс жобаламасақ, мектепке оқушы сыйдыра алмай үш ауысымда оқуы да ғажап емес. Бұл бір ғана мысал. Басқаларын да осылай ситуациялық картаға қарап, алда атқарар жұмысты жоспарлаймыз», дейді Мұхит Отаршиев.
Мектеп демекші, жуырда Жартытөбе ауылдық округіне қарасты Достық ауылында жаңа мектептің құрылысы басталды. Аудан әкімі тұрғындарға есеп беруге келгенде жұрт жиылып, 21 жыл бұрын асарлатып салынған, құлағалы тұрған мектептің жайын айтқан еді. Мұхит Баймұханбетұлы қабырғалары ағаш тіреулермен сүйелген ескі мектепті көріп, сол жиында-ақ жаңасын салуға уәде берген-ді. Ол орындалды, келер жылы ауылдың балалары жаңа мектепте оқитын болады. «Талай жылдан бері шешілмей келе жатқан мәселеміз еді. Өйткені Өзбекстанмен шекарамыз бекітілгеннен кейін амалдап, асарлатып салып алған мектебіміз апатты жағдайда. Жанайқайымызға құлақ асқан аудан әкіміне, оны қолдап-қуаттаған облыс басшыларына алғыстан басқа айтарымыз жоқ», дейді ауыл тұрғыны Бақыт Айтөреев.
Иә, ауданда демографиялық өсім жоғары. Оқушылар қатары жыл сайын 4-5 мыңға көбейетіндіктен де мектепке деген сұраныс арта түсуде. Мысалы, аудан орталығындағы Самал шағын ауданының балалары мектепке сыймайды, 600 орынды білім беру мекемесінде 2 мыңдай оқушы оқиды. Кейбірі алыс болса да күре жолдың арғы бетіндегі білім беру мекемесіне қатынайды. Бұл орайда аудан әкімі Мұхит Отаршиев үш ауысымда оқытудың алдын алу мақсатында 900 орынды жаңа мектеп салу туралы ұсынысын облыс басшысы Өмірзақ Шөкеевке жеткізген екен. Ұсыныс қолдау тауып, жаңа мектептің қазаншұңқырын қазу жұмыстары басталып кетіпті. Сондай-ақ құрылысы былтыр басталған Жібек жолы ауылдық округінде мектептегі қосымша ғимарат жақында пайдалануға берілмек. Ал Жылға ауылдық округіндегі мектептің құрылысын келесі жылдың бірінші тоқсанында аяқтау жоспарланған. Осы арада айта кетелік, интернетпен қамту, әсіресе оның сапасына қатысты ауданда мәселе көп. Ал 6 елді мекенде мүлдем интернет жоқ. Бұл орайда аудан әкімдігі «Қазақтелекомның» мамандарымен бірлесе ауылдық жерлердегі интернетпен қамтуға қатысты мәселелерді анықтап, шешуге бел буып отыр. Инвесторлар тауып, ауылдарға арнайы 4G нүктесін қою бағытында жұмыстар басталған.
Бәсекеге қабілеттінің бәсі биік
Сөз басында айтқанымыздай, көктем шыға дала жұмыстарын бастап ерте оянатын аудан диқандары көрші елдегі шаруалармен бәсекеге түскен. Яғни көрші өзбек ағайындардың өнімі келмей тұрып көкөніс, жеміс-жидекпен облыс, ауданды қамтамасыз етуге тырысуда. Сондай-ақ бір алқаптан үш өнім алу жобасы кеңінен қолға алынып отыр. Бүгінде 404 шаруа қожалығы қолдаған, жалпы егіс көлемі 921 гектар болатын инновациялық жоба іске асырылуда. Нәтижесінде 36 704 тонна бірінші өнім жиналды. Екінші өнімді жинайтын күн де жақын. Жалпы, ауданда бірінші жартыжылдықта 31 844 млн теңгенің өнімі өндірілген, оның 11 634 млн теңгесі мал шаруашылығына, 20 210 млн теңгесі өсімдік шаруашылығына тиесілі. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына биылғы 6 айда 1,2 млрд инвестиция тартылып отыр.
Сарыағаш ауданы ауыл шаруашылығы ғана емес, шипалы суымен де танымал. Әрине, пандемия шипажайлардың жұмысына кері әсерін тигізді. «Дегенмен шипажайларға жеңілдіктер жасалып, санитарлық шараларды күшейту жұмыстарын жалғастыруға мүмкіндік берілді. Былтыр шипажайларға 720 мыңнан аса адам келген. Биыл 140 мыңдай азамат демалады деп жоспарлағанбыз. Өкінішке қарай, пандемияның әсерінен ол меже орындалмай отыр. Бірақ соның өзінде биыл 100 мыңнан аса азамат шипажайларға келіп демалады деген болжам бар», дейді Мұхит Отаршиев.
Сондай-ақ тұрғындардың тұрмысын жақсарту бағытында табиғи газбен қамту мәселесі де басты назарға алынған. Бұл орайда ауданның 71 елді мекенінің 37-сі немесе 52,1%-ы «көгілдір отынмен» қамтылған. Қамтылмай тұрғаны 30 елді мекеннің ішінде шалғайда орналасқан экономикалық жағынан тиімсіз 4 ауыл бар.
Түркістан облысы
Пневмониядан 5 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 10:00
Елімізде 1222 науқас коронавирустан айықты
Коронавирус • Бүгін, 09:37
Өткен тәулікте 2842 адамда коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:32
Көкшетауда сауда үйінің терезесінен құлаған жігіт мерт болды
Аймақтар • Кеше
Батыс Қазақстандағы Бөрлі ауылында карантин шаралары күшейтілді
Аймақтар • Кеше
Иманбек Зейкеновтің жаңа туындысы жарыққа шықты
Өнер • Кеше
Динара Сәдуақасова турнирге қатысудан не себепті бас тартқанын айтты
Қазақстан • Кеше
Елорда әкімі мердігерлерге ыңғайлы жол салуды тапсырды
Елорда • Кеше
Маңғыстауға «Sputnik V» вакцинасының кезекті партиясы жеткізілді
Аймақтар • Кеше
Мәдениет министрінің қатысуымен қызметкерлер 300 түп ағаш екті
Экология • Кеше
Алматыда түске дейін 55 тұрғынға вакцина егілді
Аймақтар • Кеше
Аграрлық мамандықтарға бөлінетін ауыл квотасы артты
Білім • Кеше
Санкт-Петербургте Жамбыл Жабаевқа арналған кітап көрмесі ашылды
Руханият • Кеше
Орталық мемлекеттік архивке жаңа басшы келді
Тағайындау • Кеше
ІІМ Риддердегі бала өліміне байланысты үндеу жасады
Аймақтар • Кеше
«Нұр-Сұлтан – Теміртау» тас жолын су шайып кетті
Аймақтар • Кеше
Шымкенттің төрінде «Егемен Қазақстан» көшесі ашылды
Аймақтар • Кеше
Татьяна Ахметова Олимпиада жолдамасын иеленді
Күрес • Кеше
Әзербайжанда «Қазақ әдебиеті апталығы» өтіп жатыр
Қазақстан • Кеше
Алтай Көлгінов елорданы велосипедпен аралап шықты
Елорда • Кеше
Президент Ханзада Филипптің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
Президент • Кеше
Республика бойынша 8 өңір қызыл аймақта тұр
Қазақстан • Кеше
Елордада Жоғарғы сот судьясы қамауға алынды
Оқиға • Кеше
Елордалық оқушылар IV тоқсанда қалай оқиды?
Білім • Кеше
Пневмониядан 1 науқас қайтыс болды
Коронавирус • Кеше
Елімізде 1511 адам коронавирустан айықты
Коронавирус • Кеше
Қазақстанда бір күнде 2734 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының отырысы өтті
Саясат • 09 Сәуір, 2021
Шымкентте триатлоннан Қазақстан чемпионаты өтеді
Спорт • 09 Сәуір, 2021
Қазақстан елшісі Швецияның Сыртқы істер министрімен кездесті
Саясат • 09 Сәуір, 2021
ШҚО-да тұрғындар эвакуацияланды
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
Қазақстанда қанша микроқаржы ұйымы жұмыс істейтіні белгілі болды
Экономика • 09 Сәуір, 2021
Президент Атырау және Ақтөбе облыстары әкімдерінің есебін тыңдады
Президент • 09 Сәуір, 2021
Елбасы Ханзада Филипптің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
Елбасы • 09 Сәуір, 2021
Биыл 4 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Қоғам • 09 Сәуір, 2021
Асқар Мамин «Роскосмос» басшысымен келіссөз өткізді
Үкімет • 09 Сәуір, 2021
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
Қостанай облысында жаппай вакцина егу басталады
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
М.Әйтенов: Халыққа вакцина егудің маңыздылығын қарқынды насихаттау керек
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы қалай жүзеге асырылып жатыр?
Руханият • 09 Сәуір, 2021
Президент ғарыш саласының мамандарына ризашылығын білдірді
Президент • 09 Сәуір, 2021
Ұйғыр ауданының судьясы жемқорлық фактісімен күдікке ілінді
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
Түркістан облысында вегетациялық маусым қалай өтеді
Экология • 09 Сәуір, 2021
Алматыда тау баурайы отқа оранды
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
Қабдеш Жұмаділовтің соңғы сұхбаты эфирге шығады
Руханият • 09 Сәуір, 2021
Филипп ханзаданың қазасы: Ұлыбританияда ұлттық аза тұту күні жарияланды
Әлем • 09 Сәуір, 2021
Түркістан облысында 7 тойхананың жұмысы тоқтатылды
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
Әйелдер ипотекасы қашан іске қосылатыны белгілі болды
Экономика • 09 Сәуір, 2021
Қазақстандық вакцина қашан дайын болады?
Қазақстан • 09 Сәуір, 2021
Жемқорлық: «СҚ-Фармацияның» экс-басшысына қатысты істің жайы белгілі болды
ANTIKOR • 09 Сәуір, 2021
Полиция қызметкері 14 жастағы қызды өлімнен аман алып қалды
Қоғам • 09 Сәуір, 2021
Президент елдегі жолдардың сапасына қатысты сын айтты
Президент • 09 Сәуір, 2021
Батыс Қазақстанда өзен жағасынан малдың өлекселері табылды
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
Алматыда карантин күшейтіле ме?
Коронавирус • 09 Сәуір, 2021
Алматы полициясы мылтықтан оқ атқандарға қатысты түсініктеме берді
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
Тбилисиде грузин тіліндегі Абай өлеңдерінің жинағы жарық көрді
Абай • 09 Сәуір, 2021
Қызылорда облысында заңсыз балық аулаудың екі дерегі анықталды
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
ШҚО: Қызға қол көтерген басқарма басшысы жұмыстан қуылды
Оқиға • 09 Сәуір, 2021
Елордада тарауих намазы мен ауызашар рәсімдері өткізілмейді
Қоғам • 09 Сәуір, 2021
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссияның алдағы міндеттері қандай?
Үкімет • 09 Сәуір, 2021
Коронавирус вакцинасы оразаны бұзбайды - Жанна Пірәлиева
Коронавирус • 09 Сәуір, 2021
Зейнетақыға үстемеақы қосылатыны рас па?
Қоғам • 09 Сәуір, 2021
Ақтөбеде 10 мыңға жуық адам вакцина қабылдады
Медицина • 09 Сәуір, 2021
Ұқсас жаңалықтар