Руханият • 09 Қыркүйек, 2020

Грекияда Димаш Құдайбергеннің әндері шырқалатын радио ашылды

1106 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Грекия елінде Димаш Құдайбергеннің шығармашылығын насихаттайтын жаңа онлайн радио ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Грекияда Димаш Құдайбергеннің әндері шырқалатын радио ашылды

Dimash Greece қазақ өнерпазының әндерін тәулік бойы трансляциялайды, деп хабарлады dimashnews.com. Радиостанция әлемдік ғаламтор желісіне шілде айынан бастап шыға бастады. Аптаның 7 күнінде тәулігіне 24 сағат желіде Димаш Құдайбергеннің әндері шырқалады.

Сүйікті әншілерінің шығармашылығын өз елінде кеңінен насихаттау үшін Грекиядағы Dear-лар радио сәтті әрі нәтежиелі шешім болатынына сенімді. Dimash Kudaibergen Greece фан-клубының әкімшісі Лена Ворк онлайн радио арқылы Грекиядағы Димаштың шығармашылығына табынушылардың қатарын арттырмақшы. Ойын жүзеге асыру үшін өзге елдегі фан-клубтардың тәжірибесін меңгерген. Талдау жасай отырып, өзінің радиостанциясын іске қосты. Грекиядағы Димаштың фан-клубы жуырда ғана өздерінің 2 жылдығын атап өтті.

Олар Димаштың шығармашылығына қатысты шаралар ұйымдастырып, қазақ ұлының өнерін насихаттауда белсенді істер атқарып жүр. Бұған дейін Польшада "Димаш" радиосы ашылған еді.