Оқу орнының Instagram-каналы бойынша онлайн өткізілген шараға барлық 200 курсант қатысты.
Енді осы 200 жас төрт жыл бойы институт қабырғасында әскери тәртіппен оқып, білім алатын болады. Бұл оқу орнында жайбасарлық жоқ, қатаң режім қалыптасқан. Ол жастардың бойында жігер, жинақылық, басы-бойын әрқашан сергек ұстауға қалыптастырады.
Антты оқу орны бастығының орынбасары, полковник Ілияс Сағындықов қабылдап, курсанттарды құттықтады.