Мемлекет басшысына қала тұрғындарын жұмыспен қамту және "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға көмек көрсету туралы ақпарат берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің Қазақстан халқына Жолдауындағы міндеттемелердің толық әрі бұлжытпай орындалуы керек екенін атап өтті. Мемлекет басшысы әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға баса мән беруді тапсырды.