Мұндағы мақсат – киелі Әулиеата өңірінің туризм саласын дамыту, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және достық қарым-қатынасты нығайту. Аталған іс-шараға жамбылдық еріктілер қатысты. Олар Т.Рысқұлов ауданының аумағында орналасқан Батыс Тянь-Шаньның Қырғыз тау қыратында болып, биіктігі 3817 метрге жететін Сұлутөр шыңын бағындырды. Сөйтіп Сұлутөр маңындағы шыңдарға еліміздегі ұлтаралық достықты нығайту үшін «Достық шыңы» атауын берді.
Жамбыл аудандық «Жастар ресурстық орталығының» директоры Маханбет Рахымжановтың айтуынша, мұндай іс-шаралар жастар арасындағы достықты нығайтып, еліміздің тарихи құндылықтарын насихаттауда ерекше рөл атқарады. Альпиниаданың соңында «Достық шыңын» бағындырған бірқатар жастарға сертификат табысталды.
Жамбыл облысы