Биыл Ақтөбе облысының шаруалары 445 мың гектар жерге дәнді дақыл, 46 мың 200 гектарға майлы дақыл, 104 мың гектарға жоңышқа, жүгері, арпа сияқты мал азығын, 3310 гектарға көкөніс отырғызды. Көктемдегі көлік қозғалысының шектеулеріне қарамастан, ауылшаруашылық құрылымдарының техникасына кідіріс болған жоқ әрі шаруа қожалықтары арзан жанар-жағармаймен қамтамасыз етілді. Соның нәтижесінде қыркүйектің соңғы аптасында жиын-терін жұмыстары аяқталмақ.

Биылғы бидай түсімі – әр гектардан 9,5-10 центнер. Жиналған астық жалпы сыйымдылығы 500 мың тонна болатын жеті элеваторда сақталады. Екі элеватор – Ақтөбе қаласында, қалғандары Алға, Мәртөк, Қарғалы, Қобда, Хромтау аудандарының орталықтарында орналасқан. Одан өзге елді мекендерде шаруа қожалықтарының астық сақтайтын 180 қоймасы бар.
Ақтөбелік шаруа қожалықтары әзірге астық сатуға онша ықыласты емес. Өйткені әлемдегі бидай бағасы қысқа таяу күрт көтеріледі дегенді естіген соң шаруалар сақтауға мүмкіндік болса, бидайды қамбада ұстай тұруды тиімдірек санайды. Бұл үшін дәнді дақылдарды шірітпей ұзақмерзімді сақтауға лайық қамбалар желісін жаңарту, астық өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар желісін көбейту – өңірлердегі мақсатты жобалардың біріне айналуы тиіс.
Биыл республикалық бюджеттен облысқа 19 млрд теңге субсидия бөлінді. Мемлекеттік қолдауға қол жеткізген Мәртөк, Қарғалы аудандарының диқандары өңірде бұрын-соңды өсірмеген бұршақ тұқымдас майлы дақылдарды өсіріп, жоғары агротехникалық шаралардың нәтижесінде мол өнім жинап, бұршақ пен жоңышқа экспортының тиімді жолдарын ойластырып жатыр. Мал азығы дақылдарынан жоғары өнім алуға биыл 10 600 гектар суармалы жерді қосымша айналымға енгізу мүмкіндік берді. 2021 жылы суармалы жер көлемі 40,8 мың гектарға ұлғайтылып, қараусыз қалған бұрынғы су тоғандары қалпына келтірілмек. Бұл үшін қыста қар тоқтату, көктемде еріген қар суын ұстап шағын су тоғандарына жинау жүйелі іске асырылуы керек.
Ақтөбе облысы
Құқықтық мемлекетте біліксіз заңгерлерге орын жоқ
Қазақстан • Бүгін, 00:35
Демократияға бастайтын тура жол
Референдум-2022 • Бүгін, 00:31
Экономика қайтсе еңсе тіктейді?
Экономика • Бүгін, 00:31
Тозған жылу электр орталықтарын жаңғыртсақ игі
Қазақстан • Бүгін, 00:03
Банк операцияларын реттейтін платформа
Қаржы • Кеше
Президент саябағына сакура егілді
Қоғам • Кеше
Экономика • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Қоғамды үлкен өзгерістер күтіп тұр
Референдум-2022 • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесті
Президент • Кеше
Ахаң жайлы айтады ел қызықты аңыз
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Басты талап – әділ шешім қабылдау
Қоғам • Кеше
Қаржы пирамидасы: қауіп пен қатер
Қоғам • Кеше
Білім • Кеше
Орталық Азияда жоғары білім аймағы құрылады
Білім • Кеше
Өнер • Кеше
«Қасым хан» көрерменін қуанта ала ма?
Кино • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өнер • Кеше
Криптовалюта: Тәуекелі жоғары, болашағы бұлыңғыр
Қаржы • Кеше
Бес боксшымыз – жартылай финалда
Спорт • Кеше
Әдебиет • Кеше
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда бүлдіршіндер балабақшадан қашып кеткен
Қоғам • Кеше
«Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігіне жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Каспий теңізіне үш адам батып кеткен
Аймақтар • Кеше
Елордада құрылыс алаңында жұмысшы қайтыс болды
Қоғам • Кеше
Атырауда бекіре аулаған браконьерлер ұсталды
Аймақтар • Кеше
Тимофей Скатов кезекті турнирді жеңіспен бастады
Теннис • Кеше
Текелі лай көшкінінен тазартылып жатыр
Аймақтар • Кеше
Қаңтар оқиғасы кезінде дүкен тонаған жігіт сотталды
Қоғам • Кеше
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар