Қазір әрбір мерекеге, елге сыйлы жекелеген тұлғалар мен аудан, қалалардың, іргелі ұжымдардың мерейтойына қатысты шығарылатын медальдар көп-ақ. Қыруар ақшаға шығарылатын медальдардың шығыны өз алдына, қызығы – «таратылуында», «үлестірілуінде». Оны алғандар мен алмағандар арасында туындайтын алауыздықта болып тұр. Тіпті көз алдыңа дорба толы медальды кез келген адамға уыстай үлестіріп жатқан, жетпей қалғандары ашуға мініп, басына көтере шу шығарған базар елестейді.

Мұғалімдер арасындағы қалалық деңгейде өткен кішігірім бір жарыста жүлде алған ұстаздың: «Маған арада бірнеше ай өткесін ойламаған жерден Ақтау қаласының мерейтойлық медалін тапсырды, бекер-ақ алған екенмін, қалай алдым, солай дау, әртүрлі әңгіме, көреалмаушылық, таныс арқылы алды деп күстәналау көбейді. Бірақ мен осы жарыс үшін білдей қаланың медалін береді деп ойламаппын және қажеті де жоқ еді», деп күйінгені бар. Бірде маған облыстық әкімдіктің білдей қызметкері әдемі қораптағы сөлкебайды қолыма масаттана ұстатқаны есімде. Куәлігін сұрағанымда, «Медальда куәлік бола ма? Білмейді екенмін, қазір сұрастырайын», деп телефонға жармасты. Көшеден тауып алмағандығын, не көршінің төсбелгісін сұрап тағып алмағандығын дәлелдейтін әрбір медальдың арнайы куәлігінің болу-болмауын кеңседе отырған мемлекеттік қызметкердің білмеуі – медальдың қадірінің кеткені ме, әлде мемлекеттік қызметкердің өресінің өлшемі ме?
Медаль беруде, мейлі ол мерекелік болсын, жасына, еңбек өтіліне, өңірдегі еңбек еткен жылдарына қатысты белгілі бір талаптар болмайтыны қызық. Кеңестік кезеңде күн ұзағына үй шаруасы, бала қамымен қабаттастырып қи аударып, су тасып, қой жайып, бота арқандап, түйе сауып, қой қырқып, түйе күзеп, жүктерін буып-түйіп жылына 4-5 рет көшіп-қонып, мал шаруашылығына есепсіз еңбек етіп, түні бойы кірпігін бірде іліп, бірде ілмей қой күзеткен әке-аналарымыздың бүгінде көзі тірісі аз. Сол кісілерден медаль түгілі бір қатырма қағаз көрмейміз, бүгінгі әркімге үлестіріліп жатқан сан-сапат медаль мен Алғыс хаттардан да ада. Ол үшін бұлданып жатқан олар да жоқ, тілегі – елдің, жердің, ұрпақтың амандығы! Олардың немерелерімен қатар жандардың алды мемлекеттік, соңы бірнеше мерекелік медальды жарқырата тағып жатқанына ұяласың...
Мысалы, бір айтулы сәттің 25-30 жылдық мерейтойы делік, оның иегері сол датадан сәл үлкен. Қандай тері төгіліп, қандай еңбек сіңіргені белгісіз... Өткен жылы Маңғыстауда бір ауданның 40 жылдық мерейтойы тойланды. Кезінде ауданның аудан болуына үлес қосқан, кеңшардың бүкіл ауыртпалығын арқалаған үлкендер жағы елеусіз қалып, әкімдікте жүрген өндірдей ұл мен қыз төстері жарқырап шыға келді. Дұрыс па, жоқ!
Жуырда Маңғыстауда мерекелік медальға қатысты дау тағы бұрқ ете қалды. Бұл жолы мұғалім, дәрігер немесе қарапайым халық арасынан емес, білдей Маңғыстау облысы әкімі аппаратынан. Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл толуына орай дайындалған төсбелгі әкім аппаратындағы 9 бөлімнің басшыларына ғана тиесілі болады. Мемлекеттік қызметтегі өтілі көп болғанымен басшылыққа қолы жетпегендер бар, қатардағы маман болғанымен, басшыдан бетер білек сыбана еңбек ететіндер бар, әйтеуір «даудың басы Дайрабайдың көк сиыры» емес, Конституцияның көрікті медалі болады да шығады. Туындаған дауға қарап «әкім аппараты басшылығы мерекелік медальдарды белгілі бір талаптарға сүйенбей тек басшыларға оңды-солды тарата салған ба?» деген сұрақ туындайды. Екіншіден, өзгелерге үлгі болып, мемлекеттік қызметкер деген атына сай мемлекеттік рәміздерді, құндылықтар мен белгілерді құрметтеуге тиіс аппарат қызметкерлерінің медаль үшін алауыз болуы ұят-ақ. Кінә – басшылықта, ақыры медальды берген екен, белгілі талаптар сақталуы тиіс, әйтпесе жұмыс істейтін, тек мереке сайын медаль алып, омырауы Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің омырауынан да артық болып сөлкебайға сықай толған бөлім басшылары ғана ма? Олардың қарамағында қанша маман қанша жылдан бері қалыс қалып келеді?
Еңбектің еленгені жақсы, алайда өзі жақсы, сөзі мен көзі жақсы, сондай-ақ қызметі жақсыларға уыстай үлестіріліп, соңы айқай-шуға апаратын, кей жағдайларда өзінің шын иесін таппай, кім көрінгеннің кеудесінде мұңайып тұратын мерекелік медальдарға жаным ашиды...
Ал мемлекеттік марапаттар туралы әңгіме өз алдына үлкен тақырып.
Маңғыстау облысы
Елімізде кинотеатр билеттері айтарлықтай қымбаттады
Кино • Бүгін, 12:38
Жануарларға жәбір көрсеткендерге қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
Экология • Бүгін, 12:33
Қазақстанның оңтүстігінде күн суытады
• Бүгін, 12:18
Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды
Саясат • Бүгін, 12:15
Әлемдегі ең үлкен айсберг еріді
• Бүгін, 12:06
Мемлекет басшысының апталық жұмысына бейне шолу
Видео • Бүгін, 12:05
Сарапшылар құбырдағы судың сапасын тексерді
Экология • Бүгін, 12:03
Нұр-Сұлтанның орталығында жол опырылып түсті
Оқиға • Бүгін, 11:49
Nur Otan-ның жұмысын 1738 қоғамдық кеңес қадағалайды
Қоғам • Бүгін, 11:45
Экономика • Бүгін, 11:44
«Ертіс орманы» резерватындағы өрт сөндірілді
• Бүгін, 11:36
Елбасы Түрікменстан президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Елбасы • Бүгін, 11:20
Қазақстанда коронавирустан 23 науқас көз жұмды
Қоғам • Бүгін, 11:14
Қазақстанның Қырғызстан және Үндістандағы елшісі қызметінен босатылды
Қазақстан • Бүгін, 11:12
Мемлекет басшысы бірқатар мемлекетке жаңа елшілер тағайындады
Тағайындау • Бүгін, 11:08
Ерлан Әлімбаев Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:56
ШҚО-дағы Шар өзенінде балық қырылуда
Аймақтар • Бүгін, 10:49
Мемлекет басшысы Түрікменстан президентіне көңіл айтты
Президент • Бүгін, 10:39
Шымбұлақ шыңынан 6 адам құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 10:32
Бокс федерациясына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:30
Атлах-Талас шайқасы: Ұлы жеңіске 1270 жыл
Тарих • Бүгін, 10:20
Қазақстанда вакцина салдырғандар саны 700 мыңға жуықтады
Коронавирус • Бүгін, 10:15
Биыл 683 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алды
Қоғам • Бүгін, 09:59
Құрттың ішінен есірткі табылды
Аймақтар • Бүгін, 09:43
Спорт • Бүгін, 09:40
Қызылордада ауа сапасы нашарлайды
Аймақтар • Бүгін, 09:22
Шекарашы сарбаздар ант қабылдады
Қазақстан • Бүгін, 09:20
Ақтоты Райымқұлова Ғазиза Əбдінәбиеваның отбасына көңіл айтты
Өнер • Бүгін, 09:14
Кәсіпқой бокс: IBF-тің рейтингі жарияланды
Спорт • Бүгін, 09:11
Елімізде бір тәулікте 2719 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:03
Теннис • Бүгін, 07:56
Хоккей • Бүгін, 07:54
«Сары мысық» фестивальді ашады
Кино • Бүгін, 07:52
Руханият • Бүгін, 07:50
Тасқынға қарсы әзірлік ойдағыдай
Оқиға • Бүгін, 07:40
Әлем • Бүгін, 07:38
Аймақтар • Бүгін, 07:33
Жұмыскерлер жалақысы 30 пайызға өседі
Қоғам • Бүгін, 07:29
«Мал ашуы – жан ашуы» (Ұры-қары жұртты қашанғы басынады?)
Қоғам • Бүгін, 07:27
Шымкенттіктерді қоныс аударуға шақырды
Аймақтар • Бүгін, 07:26
Заң шығару талаптары жаңартылды
Саясат • Бүгін, 07:25
Бірінші тоқсанда – 19 848 бірлік автомобиль
Экономика • Бүгін, 07:24
Бурабай баурайындағы берекелі бірлік
Аймақтар • Бүгін, 07:22
Вокзалдардағы шектеулер туралы
Қоғам • Бүгін, 07:20
«Сары аймақта» сақтық күшейтіледі
Қоғам • Бүгін, 07:17
Көп қабатты тұрғын үйге сұраныс көбейді
Қоғам • Бүгін, 07:14
Сұхбат • Бүгін, 07:13
Ауыл мәдениетінің ауқымы тарылмасын
Ауыл • Бүгін, 07:12
Астық егетін аймақтарда науқан мамырда басталады
Экономика • Бүгін, 07:12
Төрт боксшы ширек финалға шықты
Бокс • Бүгін, 07:10
45 мың бет дәрілік нұсқаулықтар аударды
Қоғам • Бүгін, 07:05
Инвестициялық штаб жиынында қаралды
Үкімет • Бүгін, 07:01
Актриса Ғазиза Әбдінәбиева өмірден озды
Қоғам • Кеше
Еркін күрестен Азия чемпионаты аяқталды
Спорт • Кеше
Олег Болтин еркін күрестен Азия чемпионы атанды
Спорт • Кеше
«Ертіс орманы» резерватында өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Электронды билеттеу жүйесі: Үміт пен күдік
Аймақтар • Кеше
Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы
Қазақстан • Кеше
Толағайлар Ташкентте сайысқа түсті
Спорт • Кеше
«Бір терезе» ме, әлде, «Жүз терезе» ме?..
Қоғам • Кеше
Теннис • Кеше
Руханият • Кеше
Медицина • Кеше
Әлем • Кеше
Спорт • Кеше
Қазақстанға агробанк қажет пе?
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар