Оқиға • 10 Қыркүйек, 2020

Ақжайықтың Түркістанға тартуы

1042 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төрткүл дүниені көгілдір күмбезімен өзіне тартатын киелі шаһар Түркістанда «Ақжайық» музыкалық мектебі пайдалануға берілді.

Ақжайықтың Түркістанға тартуы

Батыс Қазақстан облысы­ның тартуы болған музыка мектебінде 550 орынға арналған үлкен концерт залы, конференция залы, оркестр, хор сыныбының бөлмелері бар. Заманауи үлгіде салынған ны­санда 120 бала өнердің 18 түрі­нен дәріс ала алады. Атап айт­қанда, мұнда оқушыларды дом­быра, фортепиано, скрипка, баян, саксафон, қобыз, гита­ра, ұрмалы аспаптар, вокал, жеті­ген, ксилофон, литавра сияқты музыкалық аспаптарда ойнауға баулиды. Қазіргі таңда, аталған сыныптарға дарынды балаларды іріктеу арқылы қабылдау жұмыстары басталған. Мектепте жас өнерпаздарға консерватория түлектері ұстаздық етеді. Яғни, кәсіби музыкалық білімі мен шеберлігі жоғары мамандар мұғалім ретінде қабылдануда. Келешекте үлгерімі жақсы шәкірттерден жоғары деңгейлі оркестр құрылатын болады.

Қос қабаттан тұратын сәу­лет­­ті ғимарат музыкалық ас­пап­та сабақтар өтуге барын­ша ла­­йық­талған. Мәселен, мек­теп­т­егі барлық оқу сыныптары акус­­тика­лық заңдылық­тар­ға сай жабдық­талып, әрбір сы­нып­­қа дербес компьютер­лер мен ин­­те­р­­активті тақ­та­лар орнатылған.

Алдағы уақытта Музыка мек­тебінің алдына вальс коро­лі Шәмші Қалдаяқовтың ескерт­кіші қойылады. Сон­дай-ақ «Ақжайық» музыка мектебі композитор Шәмші Қал­дая­қов­тың атымен аталмақ. Бұл жө­нін­де облыс әкімі Ө.Шө­кеев Мәдениет және спорт ми­нистрі А.Райымқұлованың Түркі­стан облысына сапары ая­сында мәлім еткен болатын. Облыс әкімі Өмірзақ Шө­кеев му­зы­калық мектепке бар­ған са­па­рында, сондай-ақ өнер орда­­сы­ның материалдық-тех­ни­ка­лық базасын күшейтуді тапсырды.

 

Түркістан облысы