Экономика • 10 Қыркүйек, 2020

«ҚазМұнайГаз» өңірлерді дамытуға 7,6 млрд теңге қаржы бөлді

180 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Egemen Qazaqstan» газеті бүгінгі материалында «ҚазМұнайГаз»-дың 2019 жылғы тұрақты дамуы туралы есебіне шолу жасап, компанияның әлеуметтік жауапкершілігі мәселесін талқылайды.

«ҚазМұнайГаз» өңірлерді дамытуға 7,6 млрд теңге қаржы бөлді

 

«ҚазМұнайГаз» АҚ-ға қарасты компаниялар тобы әлеуметтік жауапкер­шілікті арттырып, жұмысшыларына лайықты еңбек шарттарын ұсыну үшін үш бағыттан тұра­тын «Жоғары өнімділік мә­дениеті» атты бағдарлама әзір­леніп отыр. Бұл бағыт ұжым­­дық мәдениет, көш­бас­­шылық және HR-құзырет­тілік­ті дамытуға бағытталған мін­­дет­терден тұрады. Жал­пы, ҚМГ 2019 жылы жұмыс­шылар­­ды әлеуметтік қолдауға 22 млрд теңге қаражат жұмсаған.

«Елдегі ірі жұмыс беруші­нің бірі ретінде, жұмыс­шылар мен кәсіподақтар арасындағы серіктестік қағидатына сүйене оты­рып, біз әлеуметтік бағыт­ты ұстанамыз. Біз өнімді жұмысқа, лайықты жұмыс пен жақсы еңбек шарттарын қам­тамасыз етуге, адамның ең­бек құқықтары мен адами құ­­қық­тарын сақтауға, ай­­мақ­тар мен қоғамның да­муы­на көмек­тесуге тал­пы­на­мыз. 2019 жылғы «ҚазМұнайГаз»-ды транс­форма­циялау бағдар­ла­ма­сының аясында «Жоғары өнім­ділік мәдениеті» атты бас­тама іске қосылған болатын», делінген компанияның есебінде.

Ұлттық компания тек жұ­мыс­шы­ларына ғана қолдау көр­сетіп қой­майды. Есепке сүйенсек, 2019 жылы ҚМГ мен оның еншілес компаниялары жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарында өнді­рістік қатысу өңірін дамы­туға және халықтың мұқтаж топтарына әлеуметтік көмек көрсетуге елеулі ақшалай қаражат бөліпті. Компа­ниялар қаражатты жергілікті атқару­шы органдарға аударады, ал олар өз кезегінде қаражатты халықтың қажетіне жаратады. Өткен жылы осындай әлеу­меттік қолдаудың көлемі шамамен 7,6 млрд теңгені құрады, оның ішінде:

«Өзенмұнайгаз» АҚ Маң­ғыс­тау облысының инфра­құрылымын дамытуға әлеу­меттік бағдарламалар қорына 1,2 млрд теңге бөлді.

«Ембімұнайгаз» АҚ 2019 жылы Атырау облысы Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылында 424 орындық орта мектеп құрылысына 131 млн теңгеден астам қаржы бөлді.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ өңірдің әлеуметтік-эконо­ми­калық дамуына және Маң­ғыстау облысының инф­ра­құ­рылымын дамытуға 3,4 млрд теңге сомасында қаржылай қолдау көрсетті.

«ҚазМұнайТеңіз» ТМК ЖШС Маңғыстау облысын­дағы «Атажолы» автожолын қайта жөндеуді қаржылан­дыруға 388 млн теңге сомасында үлес қосты.

«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС Павлодар қала­сындағы жекелеген спорт түрлері мен спорт іс-шара­ларына 447 млн теңге сомасында қолдау көрсетті.

«Қазгермұнай» БК ЖШС Қызылорда қаласындағы Жастарға қызмет көрсету орта­лығының құрылысына 1 465 млн теңге көлемінде қаржы бөлді, салым 2018-2019 жылдар аралығында әлеу­меттік-экономикалық да­мыту бойынша есептелді.

«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС өңірді және Ақтөбе облы­сындағы инфрақұры­лымды дамытуға 120 млн теңге бөлді.

Бұдан басқа, ҚМГ тобы Үкімет тап­сыр­масы шеңберінде Түркістан қала­сы­­ның инфрақұрылымын (7 000 орын­дық стадион, 1 000 орындық конгресс-холл және амфитеатрдың құры­лысы) дамытуға 22,8 млрд теңге бөлді, оның ішінде: ҚМГ – 14 млрд теңге, «ҚазТрансОйл» АҚ – 2,2 млрд теңге, «ҚазТрансГаз» АҚ – 5,7 млрд теңге.