Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2020

Шығыс Қазақстан облысында балықшылар адасып кеткен

400 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Зайсан көлінің бетінде адасып кеткен балықшылар полицияға қоңырау шалуға мәжбүр болған. Қалың қамыстың арасында қайықпен жүрген олар, жағаны таппай қалған көрінеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шығыс Қазақстан облысында балықшылар адасып кеткен

"Біз көлге қайықпен шықтық. Балықтың қызығына кіріп кетсек керек, күннің қалай батқанын байқамай қалдық. Қамыстың арасы болғандықтан, қайдан келіп, қайда тұрғанымыз түсініксіз болды", - дейді балықшылардың бірі Ербол Аузбаев.   

Күршім аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ұялы телефон арқылы балықшылардың тұрған орнын тез арада анықтаған. Көл бетіндегі балықшылар құтқарылды.

Құқық қорғау қызметкерлері және құтқарушылар балықшыларға компас немесе GPS-навигатор алып жүру керектігін айтады. Жалпы балықшылар ғана емес, табиғатта жүрген азаматтардың барлығы компаспен жүргендері дұрыс. Тұманды күні, боранды күні адасып қалмастарыңызға кіім кепіл?!

 

Шығыс Қазақстан облысы