Әлем • 10 Қыркүйек, 2020

Франция премьер-министрі оқшауланды

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күн сайын Францияда 4 мыңнан 9 мыңға дейін коронавирус жұқтыру дерегі тіркеліп келеді, деп хабарлайды Egemen.kz Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Франция премьер-министрі оқшауланды

Санитарлық қызметтер әр оқиғаны тергеп, науқастармен байланыста болғандарды тестілеп, оқшауландырады. Ел премьер-министрі Жан Кастекс те олардың қатарына ілігіп қалды. Өткен сенбіде ол "Тур де Франс" директоры Кристиан Прюдоммен бір автокөлікке мінген еді. Ал бірнеше күн өтісімен велосайыс жетекшісі вирусқа шалдыққаны анықталды. Франция премьер-министрі бірден өз еркімен карантинге жататынын мәлімдеді. Оның алғашқы тапсырған тесті ауру жұқпағанын көрсетті.

Дегенмен, екінші тест тапсырғанға дейін Жан Кастекс бірнеше күн қашықтан жұмыс істейтін болды. Ал өзге министрлер шұғыл түрде тексеруден өтуі тиіс. Тіпті Президент Макронның да тест тапсыруына тура келеді.

Эмманюэль Макрон, Франция Президенті: "Науқаспен байланыста болсақ, біз хаттама шарттарын орындаймыз. Егер вирус жұққаны анықталса, онымен қатынаста болғандар оқшауланып, тест тапсыруы тиіс. Ал аурудан аман болса, қауіпсіздік шараларын сақтап, қалыпты жұмысына оралады. Премьер-министр хаттама шарттарын орындады, біз де азаматтарымызға қойылған ережелерге бағынамыз", дейді ол.