31 Қазан, 2013

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің бұйрығы №174

166 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2013 жылғы 5 маусым,  Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің кейбiр шешімдерінің күшi жойылды деп тану туралы

 

«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурызда­ғы Заңының 21-1-бабының 1-тармағына және 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. Мына:
1) «Энергиямен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броны актісін жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2005 жылғы 22 қазандағы № 281 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3942 болып тіркелген, «Юридическая газета» газетінде 2005 жылғы 23 желтоқсанда № 240-241 (974-975), «Юридическая газета» газетінде 2005 жылғы 23 желтоқсанда № 176-177 (801) жарияланды);
2) «Энергиямен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броны актісін жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2005 жылғы 22 қазандағы № 281 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Респуб­ликасының Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2009 жылғы 27 шілдедегі № 209 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5787 болып тіркелді, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2009 жылғы № 11 болып жарияланған).
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаментi (Ж.Қ. Бөкенбаев) бiр апталық мерзiмде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне осы бұйрықтың көшiрмесiн жiберсiн және оның бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Б.М. Жақсалиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары –
 Қазақстан Республикасының  Индустрия және
жаңа технологиялар министрі                    Ә.ИСЕКЕШЕВ.