Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ж.Қ.Түймебаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты В.Божко, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі М.Әзілханов, сондай-ақ Алматы қалалық мәслихатының депутаттары, республикалық этномәдени бірлестіктердің басшылары мен Ассамблея және ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшелері қатысуда.
Осы жиында сөз сөйлеген Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ж.Қ.Түймебаев "Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында қазіргі кезде еліміздің алдында тұрған аса өзекті мәселелерге тоқталып, нақты басымдықтарды ұсынды. Ендігі мақсат – Жолдауды бірлесіп орындау. Қазақстан халқы Ассамблеясы өз құзыреті шеңберінде Жолдауды іске асыру жұмысына белсенді қатысатын болады" деп атап өтті.
Сонымен қатар Елбасы Н.Назарбаевтың әлемдік экономикалық және геосаяси жағдайлармен байланысты еліміздің сын тезінде тұрғанын еске салып, бүгінде дағдарыстық ахуалды ғаламдық рецессия және пандемиямен байланысты болып отырғанына тоқталып өтті. Сондықтан да қабылданған шаралар дағдарыстың бірінші кезеңін жеңілдетуге мүмкіндік берді. Ал бүгінде басқа шараларды қолға алуымыз қажет. Осындай кезеңде қоғам Президент Жолдауынан көп мәселені күтті. Ең бастысы әлемдік нарықтағы ахуал кезеңінде пандемия мен әлеуметтік-экономикалық жағдайлар назар аударады, деп атап өтті Ж.Түймебаев.
Жиналыс барысында Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы негізгі басымдықтарды, Жолдауды іске асырудағы Ассамблея мен этномәдени бірлестіктердің міндеттерін, т.б. мәселелер талқылануда.