8 қыркүйек күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының 48 жастағы тұрғынынан арыз түсті. Белгісіз біреу "10 сотық жер алып беремін" деген желеумен 750 мың теңге ақшасын алған. Оны аз көрген алаяқ сол күні тағы бір тұрғынға дүкеннің құжаттарын дұрыстап беруге уәде етіп, ақысына 220 мың теңгені қалтаға басқан.
Полиция қызметкерлері екі дерек бойынша іздестіру жұмыстарын жүргізіп, Қызылорда қаласының 46 жастағы тұрғыны ұсталды.
Қазіргі таңда аталған деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 2-бөлігімен (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Қызылорда облысы