(Химиялық қаруларды шектеу ұйымының Гаагадағы штаб-пәтері)
Сирия химиялық қару өндіруге негізделген нысандарын толық жою жөнінде өзіне жүктелген міндеттемесін белгіленген уақытта орындап шықты. Бұл туралы Reuters ақпарат агенттігінің мәліметіне сілтеме жасаған ИТАР-ТАСС хабарлады.
Құжатқа сәйкес, Химиялық қаруларды шектеу ұйымының инспекторлары Сирия аумағындағы 23 нысанда тексеру жұмыстарын жүргізді.
Reuters ақпарат агенттігінің мәлімдеуінше, ұйым өкілдері белгіленген нысандардың барлығында болып қайтып, олардың жойылғанын растады.
Айдар Өрісбаев.