Елбасы • 10 Қыркүйек, 2020

Елбасы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады

123 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елбасы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің ахуалы, сондай-ақ ведомствоның карантин кезіндегі жұмысы туралы баяндалды.

Бүгінгі таңда барлық әкімшілік хаттамалардың 73 пайызға жуығы электронды форматта толтырылатыны атап өтілді. Сонымен қатар, Ғ.Нұрдәулетов шағын және орта бизнестің жұмысын заңсыз тексеруді алдын алу үшін қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.

Бас прокурор Елбасыға азаматтардың әлеуметтік-экономикалық саладағы құқықтарын қорғау бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар мен елдің қылмыстық заңнамасын ізгілендіру нәтижелері туралы есеп берді.

Соңғы жаңалықтар

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Кеше

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Кеше

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Кеше

Заманауи киіз үй

Өнер • Кеше

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • 25 Шілде, 2025