Президенттің халыққа Жолдауында мемлекеттік органдардың әлеуметпен байланысы «азаматтардың күнделікті мәселесіне байланысты жауап қатуы емес», қоғаммен тұрақты диалог құру жолымен іске асырылуы айтылып, мұны іске асырудың бір жолы – ауыл әкімдерін сайлау, азаматтық қоғам институттары арқылы жергілікті бюджеттерді бақылауды күшейту екендігі анық көрсетілді. Өйткені «бір-екі көшені жыл сайын қайта-қайта жөндей беру, имидждік іс-шараларға жұмсалатын тиімсіз шығындар азаматтарымыздың наразылығын тудыруда».

Бүгінде өңірлерде шешімін таппаған мәселелер әлеуметтік желілер арқылы белгілі болып жатқанда, мемлекеттік органдар жұмыс қызған сәттегі өрт сөндірушілер сияқты жұмыс істейді. Сөйтіп, соңғы жылдары әлеуметтік желілер мемлекеттік органдардың жұмыс нәтижесін бағалау көрсеткішіне айналып, жұртшылық арасында айғай-шу көп болса ғана мәселе шешіледі деген теріс көзқарас қалыптасты. Бұл – жүйелі жүргізілетін жұмыстың көрсеткіші болмаса да, анығы соңғы жылдары барлық деңгейдегі әкімдердің, мәслихат депутаттары мен хатшыларының әлеуметпен байланысы әлеуметтік желілер арқылы айғақталатын болды. Бұл жағынан жергілікті құқық қорғау, сот органдарының әлеуметпен байланысында ашықтық жоқ.
Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин өткізген аппарат мәжілістері, аудан, ауылдарды аралаған кездегі жұртшылықпен кездесулері, құрылыс нысандары мен инфрақұрылымдар жүргізу жұмыстарын бақылауы фотоесеп және бейнешолулар арқылы инстаграм мен фейсбуктегі әкімшіліктің ресми парақшасында, әкімнің жеке парақшасында тұрақты жарияланады. Бұл бір жағынан баспасөз қызметі үшін тиімді әдіс болса да, фотоесеп пен бейнешолуларда жұртшылықпен кездесудегі көтерілген мәселелер толық ашыл-
майды.
Облыс әкімінің тұрғындармен кездесулері онлайн-режімге көшірілсе, әлеуметпен байланыс күрт артады, өңірдегі қордаланған мәселелер ашық талқыланады. Өңір басшысының жылына екі рет әр аудан мен ауылдарда ашық кездесулері тұрғындармен жүйелі байланысты ретке келтіріп қана қоймай, көп жағдайда әлеуметтік жарылыстың алдын алары анық. Осы жағынан қарағанда, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының әлеуметтік желі арқылы әлеуметпен байланысы мүлде көрінбейді.
Халық атынан өкілдік ету мандатын иеленгендер ел ішіндегі әлеуметтік, экономикалық, экологиялық мәселелерден хабардар болмаса, адамдармен байланыс ұстамаса, олардың не керегі бар? Аудандық, қалалық, облыстық мәслихаттардың депутаттарының жабықтығы пандемия кезінде анық байқалды. Мәселен, облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлованың әлеуметпен байланысты қалай іске асыратыны түсініксіз. Биылғы көктемнен бастап елімізде қауіпті індет күшейгенде, қоғамда болып жатқан оқиғаларға бейжай қарай алмайтын азаматтар әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланып, жұртшылықты сақтық шараларына шақырды. Жұрттың көпшілік орындарға бармауын, барған күннің өзінде де әлеуметтік арақашықтықты сақтауына, той-садақадан бас тартуға, үйде оқшаулануға шақырды. Сәния Қалдығұлованың әлеуметтік желідегі парақшасында елді сақтандыруға қатысты ештеңе жазылмаған. Сондай-ақ Ақтөбе қалалық мәслихат хатшысы Сұлупан Шынтасованың парақшалары да бос тұр. Депутаттар да үнсіз.
Неге бұлай? Елге төнген індет кезінде халық өкілдігінің мандатын алғандар неге бейжай қалды? Бұл жоғарыдан бұйрық келмесе, әрекет етпейтін посткеңестік синдромның көрінісі ме? Неге мәслихат хатшылары мен депутаттар пандемия кезінде әлеуметпен жұмыс істеудің ең төте, ең белсенді тетіктерін қолданған жоқ? Бейжайлық пен немқұрайдылық па? Осылайша адаммен адамша сөйлесе білу де қазіргі депутаттар мен барлық деңгейдегі әкімдерге ауыр жүкке айналды.
Мәслихаттар әлеуметке жақын еместігі басқа кезде де көрініп қалады. Мәселен, 1 қыркүйек күні қалалық мәслихат хатшысы Сұлупан Шынтасова қаладағы көпбалалы аналарды қабылдау сәтін инстаграм парақшасына салған. Қалалық әкімдіктің акт залындағы биік мінберде Сұлупан Шынтасова төбеден қарап отыр, 30 шақты әйел төменге жайғасқан. Үлкен зал, шағын ғана адам. Жағдайын айтып келген әйелдерді тым ресмилендірмей-ақ, шағын залда, емен-жарқын әңгімелесе отырып қабылдауға болмай ма? Бұл жерде көпбалалы аналар балаларына интернет жеткізіп беруді, не компьютер, ноутбук сұрап келгені анық.
Мәслихат депутаттары ғана емес, 12 аудан әкімі де әлеуметтік желіге аса құштар емес. Осы кезге дейін көпшілік аудан әкімі әлеуметтік желіде парақшаларын да ашқан жоқ. Аккаунттары бар аудан әкімдері көбінесе салынып жатқан әлеуметтік нысандар құрылысын аралау мен ауылдың басты көшелерінде фотоға түсіп, әлеуметтік желіге салуды аса ұнатады. Бірер ай бұрын өткізген аппарат мәжілісінде облыс әкімі Оңдасын Оразалин жедел түрде аккаунт ашып, жұртшылықпен кері байланыс орнату тетіктерін іске қосуды аудан басшыларына бұйырды. Осыдан кейін ең соңғы болып Алға ауданының әкімі Мамырғали Аққағазов пен Байғанин ауданының әкімі Қайрат Отаров аккаунттарын ашты. Алайда мереке күндері құттықтауларын салып қойғаны болмаса, олардың парақшалары бос. Департамент басшыларының да көбісі солай.
Осы жағынан алғанда Темір ауданының әкімі, тарихшы мұғалім Жолдас Батырханның белсенділігі өте жоғары. Оның Фейсбук желісіндегі парақшасына шығармашылықпен кірісіп кететін кездері де көп. Мәселен, өзінің қабылдауына келген 35 жастағы әйел адамның өмірлік ұстанымдарына келіспей, жайбарақат отырып ақыл айтып, отбасы кикілжіңін шешіп жіберуі көптеген қыз-келіншекке ой салды. Жолдас Батырған бұл жерде әкім емес, отбасындағы ер адамның рөлін көтеруге қатысты үлкен ой тастады. Сол арқылы шаруашылық жүргізуге қырсыз, бала-шағасының қамын емес, көшеде айғайлап жүруге құмар біраз әйелдің намысын қайрады деп ойлаймын. Ол пандемия кезінде қатаң карантин ережесін бұзып, той-садақадан қалмай жүрген ауыл адамдарына арнау жазды. Мәселен, мемлекеттен алған 42 500 теңге жәрдемақысын Құрбан айтқа қонақ шақыру үшін ауыл дүкеніне жұмсаған жас келіншектің әрекетін жазып, ысырапсыздықтан, жалқаулықтан сақтандырады, әйелдерді мал ұстап, бау-бақша егіп, барды ұқсатуға шақырады. Меніңше, қазір ауыл мен аудан әкімдеріне осындай үрдістегі шынайы әңгіме жетіспей жатыр. Сабырмен, байыппен ел ішіндегі кемшілікті түзеу, жығылғанға сүйеу болу, қиындық көргеннің маңдайынан сипау сияқты елдің ауызбіршілігі мен ынтымағын сақтау жұмыстарымен ақсақалдар кеңесі мен депутаттар айналысуы керек. Өкінішке қарай, ел ішінде мұндай үрдіс жоғалып барады.
Ақтөбе қаласының әкімі, 36 жастағы Асхат Шахаров қала көшелеріндегі жөндеу жұмыстарын, салынып жатқан әлеуметтік нысандар құрылысын аралағанын әлеуметтік желіде үнемі жариялайды. Кей жағдайда самбошы әкімнің әлеуметке жақын болу әрекеттері хайпқа ойысып кетеді. Мәселен, қаңғыбас итті құшақтауы, мектеп жасындағы өз балаларына өзен жағасындағы қоқысты жинатуы, түнгі қаланы аралап, гитарамен ән айтқан қала жастарымен жүздесуі патриоттық сезімдегі әкім имиджін қалыптастыру әрекеті деп бағалауға болады. Сол арқылы әртүрлі жастағы және түрлі ұстанымдағы адамдармен жақын бола түскісі келетінін де аңғартып қалады. Ақтөбе үш жылдан бері «хайп» көрген жоқ еді, бірақ бұл позитивті хайп жұртты онша елең еткізген жоқ.
Әлеуметпен әрекет ету жағынан ауыл әкімдері жым-жырт. Олардың өз ауылдарындағы шағын әлеуметпен қандай байланыс орнатып жатқаны белгісіз. Өйткені облыстың алыс елді мекендерінде интернет байланысының жоқтығы не тым әлсіздігі ауыл әкімдерінің оң қырына келіп тұр. Олар қазір қалың ұйқыда жатыр. Президент Қ.Тоқаев облыс әкімі Оңдасын Оразалинді қабылдаған кезде жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша ел ішінде жұмысты күшейтуді тапсырды. Егер осы бағдарламаның орындалуын жоғары мемлекеттік органдар қатаң талап етер болса, онда бұл аудан және ауыл әкімдерін қалың ұйқыдан оятуға үлкен тетік болары анық. Әзірге мұндай механизм әлсіз.
Сенат Төрағасы Ресей Елшісімен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 16:39
2,4 млн теңге пара алып, 72 миллион теңге айыппұл төледі
Қоғам • Бүгін, 16:35
Атырауда жолаушылар автобусы аударылды
Аймақтар • Бүгін, 16:26
Ұлыбритания Қытайдан «Шыңжаңдағы геноцидті» тоқтатуды талап етті
Әлем • Бүгін, 16:14
БҚО-да мәслихат депутаты коронавирустан қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 16:01
Спутник-V мен Qaz-Vac вакцинасы ауруды қоздыра алмайды – Манар Смағұл
Коронавирус • Бүгін, 15:41
Қазақстан құрамасы Косовомен жолдастық матч өткізеді
Футбол • Бүгін, 15:38
Тұтынушыны ұрып өлтірген дәмхана иесі сотталды
Аймақтар • Бүгін, 15:32
Алматыда жүк көлігі мен автобус соқтығысты
Оқиға • Бүгін, 15:30
Жеті боксшымыз жартылай финалда жұдырықтасады
Спорт • Бүгін, 15:21
Елімізде қашан күн жылынатыны айтылды
Ауа райы • Бүгін, 15:09
Дулыға Ақмолда: Менің ешкімге ұқсағым келмейді
Өнер • Бүгін, 15:00
Қоғам • Бүгін, 15:00
Сенаторлар агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелерін талқылады
Парламент • Бүгін, 14:48
Нұр-Сұлтанда тағы бір аула клубы ашылды
Елорда • Бүгін, 14:29
Аралда есірткіні заңсыз тасымалдағандар жазаларын қоғамдық жұмыс арқылы өтеуде
Аймақтар • Бүгін, 14:09
Жүзушілеріміз Беларусь елінде қос күміс алды
Спорт • Бүгін, 13:42
Nur Otan-да ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерейтойына дайындық барысы талқыланды
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы • Бүгін, 13:27
Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 13:04
Ақмола облысы «қызыл аймаққа» қайта енді
Аймақтар • Бүгін, 13:00
Мемлекеттік хатшы: Фермерлер өткізу нарықтарына делдалсыз шыға алатын болуы тиіс
Үкімет • Бүгін, 13:00
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясында тағы бір кадрлық тағайындау болды
Тағайындау • Бүгін, 12:45
Алматыда тағы бір сауда орталығына жарылғыш зат қойылды
• Бүгін, 12:43
Мергендер Италияда сайысқа түседі
Спорт • Бүгін, 12:36
Экономика • Бүгін, 12:30
«Ashyq» қосымшасына тіркелген нысандар демалыс күндері де жұмыс істейді
Елорда • Бүгін, 12:13
ЕҰУ мен Оңтүстік Калифорния университетінің профессорлары бірлескен конференция өткізді
Қазақстан • Бүгін, 12:10
Алматылық санитарлар бюджеттен қаржы жымқырған
Аймақтар • Бүгін, 12:00
Кибералаяқтар СҚО тұрғынын 2 миллион теңгеге алдады
Аймақтар • Бүгін, 11:50
Алматыдағы сауда үйлердің біріне жарылғыш зат қойылған
Аймақтар • Бүгін, 11:45
Нұрлан Нығматулин: Салық заңнамасын жетілдіру Мәжілістің басты назарында
Қазақстан • Бүгін, 11:38
Елордада карантин талабын сақтамаған 734 мекеме анықталды
Елорда • Бүгін, 11:30
Ла-Суфриер жанартауы атқылап жатыр
Әлем • Бүгін, 11:29
Билік өкілін қорлаған азамат қоғамдық жұмысқа жегілді
Қоғам • Бүгін, 11:24
АҚШ Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларын қолдайды
Қазақстан • Бүгін, 11:18
Президент отандық вакцинаны әзірлеген ғалымдарға алғыс білдірді
Президент • Бүгін, 11:15
Қазақстанда телерадиохабар тарату уақытша тоқтатылады
Қазақстан • Бүгін, 11:09
Биыл мүгедектігі бар 5,4 мың адам жұмысқа орналасты
Қоғам • Бүгін, 10:57
Есіл өзенінен ер адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:52
23 cәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 10:46
Бұрымдыларымызға бас жүлде бұйырмады
Спорт • Бүгін, 10:31
130-ға жуық босқын Жерорта теңізіне батып кетті
Әлем • Бүгін, 10:30
Семей қаласының әкімі қанша жалақы алатынын айтты
Қоғам • Бүгін, 10:09
Шиелі ауданының 42 жастағы тұрғыны алғаш рет төлқұжат алды
Қоғам • Бүгін, 09:55
Елордада жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады
Қоғам • Бүгін, 09:53
Энтони Блинкен: АҚШ Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларын қолдайды
Саясат • Бүгін, 09:41
Қазақстанда 32 адам коронавирустан қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:35
Петропавлда есірткі зертханасы анықталды
Аймақтар • Бүгін, 09:20
2 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:19
Теңіз жаяу әскерлері жас сарбаздармен толықты
Қоғам • Бүгін, 09:18
Төрт боксшымыз бас жүлде үшін таласады
Спорт • Бүгін, 09:09
Елімізде бір тәулікте 2307 адам вирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:06
Өскемен, Семей, Аягөз – «қызыл аймақта»
Аймақтар • Бүгін, 08:45
Қыран қанатында қалықтаған жыр
Руханият • Бүгін, 08:43
Руханият • Бүгін, 08:39
Электронды коммерцияны дамытуға бағытталған жоба
Экономика • Бүгін, 08:36
Қайырымды істер марафоны жалғасуда
Руханият • Бүгін, 08:33
АҚШ климаттың жылынуына алаңдаулы
Әлем • Бүгін, 08:30
Индонезияда сүңгуір қайық жоғалып кетті
Әлем • Бүгін, 08:29
Жаңа терминал инвестициялық әлеуетке серпін береді
Экономика • Бүгін, 08:25
Мемлекет кепілдігімен кәсіп ашқан ана
Қоғам • Бүгін, 08:21
Руханият • Бүгін, 08:15
Аймақтар • Бүгін, 08:12
Спорт • Бүгін, 08:10
Тарих • Бүгін, 08:08
Бокс • Бүгін, 08:06
Руханият • Бүгін, 08:02
Саясат • Бүгін, 08:00
Ұқсас жаңалықтар