Аймақтар • 11 Қыркүйек, 2020

Ақсайда асты атпен тасиды

358 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысындағы Ақсай қаласында «Ыстық қазан» онлайн-мейрамханасы тапсырыс берушілерге ыстық тағамды атпен жеткізіп береді.

Ақсайда асты атпен тасиды

– Біздің «Ыстық қазан» мейрамханалар жүйесі Қазақстан нарығында пайда болғанына 2 жылдай уақыт өтті. Алматы мен Ақтау қала­ла­рында жұмыс істеп жатырмыз. Жақында Ақ­төбе қаласында да бір мейрамханамыз ашыл­мақ. Ал Ақсай қаласында жұмысымызды бас­тағанымызға жарты жылдай уақыт болды, – дейді осы жобаның жетекшісі Жандос Рсалиев.

Ақсайда атпен жеткізілген алғашқы тағам­ның иесі – 9 жасар Алдияр екен. Ата-анасы ұлының туған күнін достарымен, туған-туыс­қанымен атап өту үшін сүйікті тағамына көп мөлшерде тапсырыс берген. Ал оны ерекше жеткізу идеясы – Жандостікі. «Ұлттық киіммен, салт атпен аулаға кіріп келгенімізде Алдияр қатты таңғалып, ерекше қуанды. Тіпті сол маңдағы бала-шаға түгел жиналды десе де болады. Бұл Ақсай қаласындағы ерекше оқиғаға айналды. Әлеуметтік желіде жарияланған осы оқиғаны аз күнде 3 миллионнан аса адам қараған екен», дейді Жандос.

Айта кетейік, онлайн-мейрамхананың ерек­шелігі – ас, қуырдақ, палау т.б. ұлттық тағам­ды тапсырыс берушіге ып-ыстық күйінде, арнайы қораппен жеткізеді екен.

– Ыстық тағамды, асты арнайы қораппен ұсыну – әлемнің көптеген елінде қолданылып жүрген заманауи сервис. Оның ұтымды жағы – тапсырыс беруші кез келген жерде ауқат­танып кете береді, басқа ыдыстың керегі жоқ. Сон­дықтан біздің бас­тама – заманауи үрдіс пен ұлт­тық мәзірдің сәтті симбиозы болды, – дейді Жандос.

 

Батыс Қазақстан облысы