Оқиға • 11 Қыркүйек, 2020

Франц Беккенбауэр – 75 жаста!

15 рет көрсетілді

Бүгін – даңқты футболшы, білікті бапкер, іскер басшы Франц Беккен­бауэрдің туған күні. Әлемдік деңгейдегі шоқжұлдыз 75 жасқа толып отыр.

1945 жылдың 11 қыркүйегінде Гер­ма­нияның Мюнхен қаласында дүниеге келген Франц 1964-1977 жылдар аралығында өз елінің ұлттық құрамасы мен «Бавария» клубының намысын қорғады. Амплуасы – либеро. Бұл ретте оның бағындырмаған белесі жоқ. Тарқатып айтсақ, әлем чемпионатындағы медальдардың барлық түрін қоржынға салды: 1966 жылы – күміс, 1970 жылы – қола, 1974 жылы – алтын. Сол жарыстардың үшеуінде де әлемнің шартты құрамасының тізіміне енді. 1972 жылы өткен Еуропа біріншілігінде бас жүлдені олжаласа, 1976 жылы екінші орынды иеленді. 1972 және 1976 жылдары қарт құрлықтың ең үздік ойыншысына тиесілі «Алтын допты» еншіледі. Оның тағы да басқа толып жатқан атақтары бар.

Франц Беккенбауэр ойыншы ғана емес, бапкер ретінде де өзін түбегейлі мойындатты.

 

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар