Коронавирус • 11 Қыркүйек, 2020

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 28 миллионнан асты

138 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Johns Hopkins университетінің мәліметі бойынша әлемде ең көп коронавирус жұқтырғандардың дерегі АҚШ-та тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 28 миллионнан асты

Әлемде коронавирус індетін жұқтырғандар саны 28 047 828-ге жетті. Өкінішке қарай, 906 195 адам қайтыс болды, 18 849 981 науқас сауығып шықты.

Инфекцияның ең көп жағдайы АҚШ-та тіркелген. Мұнда 6 миллионнан астам адам індет жұқтырды. Одан кейінгі орында Үндістан және Бразилия тұр. Үндістанда  4 465 863,  Бразилияда 4 197 889 адам вирус жұқтырды.

Еске сала кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда 77 адамнан коронавирус анықталды, 161 адам емделіп шықты. Жалпы вирус жұқтырғандар саны 106661, 1634 адам қайтыс болды, 100409 науқас құлан таза айықты.