Емханалардың бейінді мамандары осы бағытта жұмыс істеуге тартылатын болады.
"Қала тұрғындарында КВИ бойынша сұрақтар туындаған кезде халықты толық ақпаратпен қамтамасыз ету үшін емханалардағы Call-орталықтардың жұмысын күшейтеміз. Біздің психологтер халықтың толғандыратын сұрақтарына жауап беруге, психологиялық қолдау көрсетуге дайын", деді Басқарма басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.
Call-орталықтардың телефондары басқарманың, қалалық медициналық ұйымдардың сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылады. Сондай-ақ амбулаториялық көмек деңгейінде науқастарды оңалту бойынша жұмыстар әзірленіп жатыр.