"Коронавирустың жаңа толқынына дайындық қызу жүріп жатыр. Қазақстандағы медициналық мекемелер бір мезгілде 7 мыңнан астам төсек-орын дайындауға қауқарлы. Оның ішінде 3 мыңға тарта жансақтау бөлімі болады. Қазір елімізде 19 066 инфекциялық төсек-орын бар. Оның қазіргі жүктемесі 15%-ды құрап отыр. Инфекциялық және провизорлық орталықтарда 3 379 ӨЖЖ аппараты бар, қосымша 2 619 бірлік сатып алынуда. Бүгінгі таңда емдеуге арналған жалпы Қазақстан бойынша 21 566 төсек-орын оттегімен қамтылған және қосымша 9 300 орынды қамтамасыз ету жоспарда бар. Ол осы айдың аяғына дейін енгізіледі", деді Бағдат Қожахметов.
Оның айтуынша, жыл соңына дейін жедел-жәрдем қызметі Қазақстанда шығарылған 1 167 санитарлық автокөлікпен жабдықталады. Шалғайдағы ауылдар үшін 100 медициналық кешен сатып алынады.