Әлемде коронавирустық инфекцияның расталған жағдайларының саны 28,6 миллионнан асып, 24 сағат ішінде 308 мыңға артты, бұл пандемия кезіндегі ең жоғары өсім. ДДҰ жариялаған мәліметтерге сәйкес, өлім саны 5,6 мыңға артып, 917 мыңнан асты.
ДДҰ статистикасы мемлекеттер ұсынған инфекция және өлім жағдайлары туралы ресми расталған мәліметтерді ғана ескереді.
Солтүстік және Оңтүстік Америка аймағы вирус жұқтырғандар саны бойынша бірінші орында -14 699 174. Бір тәулік ішінде бұл көрсеткіш 132 464-ке өсті. Онда қайтыс болғандардың саны 3 308-ге артып, 508 705-ке жетті. Оңтүстік - Шығыс Азия аймағында 5 377 062 адам індет жұқтырған және 92 391 науқас қайтыс болған. 24 сағат ішінде жұқтырғандар саны 101 119-ға өсті, 1 270 адам қайтыс болды.
Әлемде коронавирусты жұқтырғандар саны бойынша үшінші орында Еуропалық аймақ. Онда жұқтырғандар саны 4 796 426-ға жетті, 225 494 өлім тіркелді. Бір тәулік ішінде жұқтырғандар саны 48 921 - ге, қайтыс болғандар саны 367-ге артты.
Жұқтырғандардың көпшілігі АҚШ - та тіркелген. Мұнда 6 386 832 адам инфекция жұқтырды. Одан кейінгі орындарда Үндістан (4 754 356), Бразилия (4 282 164), Ресей (1 062 811), Перу (716 670), Колумбия (702 088), Мексика (658 299), ОАР (648 214), Испания (566 326) және Аргентина (535 705) тұр.