Оқиға • 14 Қыркүйек, 2020

Қылмыстық топтың жолы кесілді

614 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылғы 11 қыркүйекте Ұлттық Қауіпсіздік комитеті ІІМ-мен бірлесіп ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz

Қылмыстық топтың жолы кесілді

Арнайы операцияға "А" және "Бүркіт" арнайы бөлімшелерінің тартылуымен, елорда маңында қорқытып алумен және рейдерлік қару саудасымен айналысқан "Әлібековтер", "Ибрагимовтер" және "Махмудовтар" атты ұйымдасқан қылмыстық топтың бір мезгілде аса қауіпті әрекетінің жолы кесілді.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе және Қостанай қалаларындағы арнайы операция шеңберінде көрсетілген топтардың 15 жетекшісі мен белсенді мүшелері ұсталды. Олардың біреуі Ресей Федерациясында бандитизм мен адам өлтіргені үшін халықаралық іздестіруде болған. Атыс қарулары, оқ-дәрілер мен гранаталардың арсеналдары тәркіленді.

Ұсталғандар Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалып, қолда бар дәлелдемелерді бекіту және қылмыстық әрекеттің өзге де эпизодтарын анықтау бойынша тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.