Аймақтар • 14 Қыркүйек, 2020

Алматы емханалары коронавирустың екінші толқынына дайындықты бастады

27 рет көрсетілді

Коронавирустың екінші толқынына дайындық барысында маусым айының 15-і мен шілденің 15 аралығындағы жағдайға мониторинг жасадық. Осы аралықта коронавируспен ауырғандар ең көп тіркелген. Бұл туралы Алматы қаласы №2 емхана бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Нұрия Қалмұратова онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның айтуынша, №2 қалалық емхананың бас ғимаратынан бөлек 3 филиалы бар. Қала бойынша 64 454 астам тұрғынға қызмет көрсетеді. Думан ықшам ауданында 12 мыңдай адамды қабылдайтын және Сұлусай, Кеңсай ышқам аудандарында бөлімшесі бар. Емхана санитарлық нормаларға сай жұмыс істеп жатыр.

"Коронавирус инфекциясының шарықтау кезеңінде біздің емханада 12 мобильді топ жұмыс атқарды. Қазір емханадағы жағдай тұрақты, дәрігерлердің бақылауында коронавиурс жұқтырған үш науқас қана бар. Сондықтан 5 мобильді топ жұмыс істеп жатыр. Оған қоса колл-орталық іске қосылған", дейді дәрігер.

Сонымен қатар, ол алдағы күз, қыс, көктем айларында инфекцияның жаңа толқыны болуы мүмкін деген болжам жасалғанын айтты. Бұл кезде әдеттегідей суық тию, бактериалды инфекция, тұмау мен пневмония аурулары белең алатын көрінеді.

"Пандемияға байланысты осы аралық қауіпті болуы мүмкін. Сондықтан барлық медициналық ұйымдарда дайындық жұмыстары жүргізіліп, тұмаудың алдына алу бойынша екпе салынуда. Ол біріншіден осал топтарға салынады, олар жиі ауыратын 18 жасқа дейінгі балалар, созылмалы ауруы бар тұлғалар, жүкті әйелдер, 60 жастан асқан ересектер, сонымен қатар балалар үйі, қарттар үйінің тұрғындары бар", дейді ол.

Коронавирустың екінші толқынына дайындық барысында маусым айының 15-і мен шілденің 15-і аралығындағы жағдайға мониторинг жасалған. Осы аралықта коронавируспен ауырғандар ең көп тіркелген.

"Мұндай мониторингтің пайдасына келсек, ол қажет кезінде қанша кадр тарту керектігін және негізгі дәрі-дәрмек қорын жасауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ коронавирус ауруы кезінде әрекет ету алгоритмі әзірленді. Оған қоса коронавирус ауруының алдын алу жөніндегі ақпараттық ескертпелерді таратып жатырмыз", дейді Н.Қалмұратова.

Соңғы жаңалықтар

Алыстан жеткен алғыс

Аймақтар • Кеше

Тазалық бірдің емес, мыңның ісі

Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2020

Қала күні онлайн форматта аталып өтеді

Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2020

Байтұрсынов атындағы байқау өтті

Қоғам • 18 Қыркүйек, 2020

Облыс әкімі Сырдария ауданына болды

Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2020

Үш тілдің үздіктері анықталды

Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2020

Халықаралық семинар-кеңес өтті

Қазақстан • 18 Қыркүйек, 2020

Таразда тұңғыш рет күрделі ота жасалды

Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2020

Қазақстанда темекі қымбаттайды

Қоғам • 18 Қыркүйек, 2020

Кепілге алған көлігін қайтармаған

Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2020

Ұқсас жаңалықтар