Құжатқа сәйкес сұлулық салондары мен SPA орталықтарының уақыты кешкі 21:00-ге дейін ұзартылды.
Олар тек жұмыс күндері ғана ашық болады. Қоғамдық көлікке аптаның 6 күнінде қатынауға рұқсат берілді. Бұған дейін автобустар тек дүйсенбі мен жұма аралығында жүретін.
Сондай-ақ енді демалыс күндері ашық аспан астындағы азық-түлік сататын және өзге де базарлар мен сауда орындарының жұмысына шектеу қойылмайды.
Ал қала тұрғындары әлі де бетперде тағып, әлеуметтік арақашықтықты сақтап жүруі тиіс. Отбасылық жиын-той өткізуге рұқсат берілген жоқ.