Өткен жылы барлық ауданда көпбалалы және аз қамтылған отбасыларына арналған "Бақытты отбасы" әлеуметтік жобасы ашылған болатын. Жоба аясында әйелдерді іскерлік белсенділікке тарту мақсатында "Іскер ана" бағдарламасы іске аса бастағаны белгілі. Курста кәсіпкерліктің әліппесі үйретіледі.
Бүгінде олар тігін мен тоқыма бұйымдарын, ұлттық киім мен әшекейлерді, ыдыс-аяқтар және басқа да тауарларды шығарады. Бұл өнімдерін олар Түрксіб ауданында меценаттардың қолдауымен ашылған "Іскер ана" арнайы дүкенінде сата алады.