Қазақстан • 14 Қыркүйек, 2020

Аламан бәйгеде 40 ұстаз топ жарды

534 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Қазақстанда 40 мектеп мұғалімі  Microsoft корпорациясынан сертификатталған "Инновациялық педагог-сарапшы" мәртебесін алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аламан бәйгеде 40 ұстаз топ жарды

Білім беру саласындағы "Microsoft Innovative Education Expert" халықаралық бағдарламасы аясында қазақстандық 40 мектеп мұғалімі конкурстық іріктеуден өтіп, Microsoft корпорациясы іріктеп алған әлемнің үздік инновациялық педагог – сарапшыларының қатарына енді. Халықаралық бағдарламаның құрамына әлемнің түкпір-түкпірінен миллионнан астам мұғалімдер кіреді, олар ХХІ ғасырдың сұранысқа ие дағдыларын дамытуға бағытталған әріптестер мен оқушылар арасында білім беруде заманауи технологияларды тиімді енгізгені және қолданғаны үшін Microsoft тарапынан танылды.

Бүгінгі таңда инновациялардың рөлі білім берудің жоғары сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуде шешуші болып табылады. Қазіргі заманғы мұғалімдерге білім берудің инновациялық жүйесін игеру қажет, сонымен қатар өздерінің және оқушыларының цифрлық дағдылары мен қабілеттерін арттыруы, білім беру процесінде заманауи цифрлық технологияларды қолдануы керек, бұл оқытудың жоғары сапасы мен білім берудің қол жетімділігін қамтамасыз етеді. Microsoft білім беру саласында ғаламшардағы әрбір оқушыға үлкен жетістікке жетуге көмектеседі. Мұғалімдерге арналған кәсіби даму бағдарламаларында Microsoft өз жұмысында білім берудегі сандық өзгерісті алға жылжытатын, өз мамандықтарындағы жаңалықтарды үнемі үйреніп, дамып, студенттердің өмірін шабыттандыру және өзгерту үшін бірге жұмыс істейтін өркендеген халықаралық мектеп мұғалімдерінің қауымдастығын белсенді қолдайды. 2020 жылдың жазында компания инновациялық педагог – сарапшыларды сертификаттау мен дамытудың "Microsoft Innovative Education (MIE) Expert 2020-2021" халықаралық бағдарламасына Қазақстан мектептерінің жыл сайынғы байқауын және мұғалімдерін қабылдауды жариялады. Қазақстандағы мұғалімдерден конкурстық іріктеуге қатысуға барлығы 1500-ден астам өтінім түсті.

"Microsoft Innovative Educator (MIE) Expert бағдарламасынан өткен мұғалімдер өз оқушыларын оқытуда сапалы, инновациялық әдістерін қолдануда жетекші мұғалімдер болып табылады, олар үнемі кәсіби дамудың заманауи тәсілдерін іздейді. Олар студенттерге болашақ оқуда, өмірде және мансапта жетістікке жетуге бағытталған дағдыларын дамытуға шабыттандырады және көмектеседі", деп атап өтті Microsoft Қазақстан білім беру бөлімінің басшысы Нұрлан Жәнібек.

"Microsoft Innovative Education (MIE) Expert" инновациялық педагог – сарапшыларды сертификаттау және дамытудың халықаралық бағдарламасы мұғалімдерге жыл бойы қол жетімді, бірақ ресми іріктеу әр жылдың жазында байқау қорытындылары жарияланып өткізіледі.

Үміткерлерді Microsoft аймақтық өкілдері білім беру саласында конкурстық іріктеудің арнайы критерийлері негізінде іріктеді, олар: ұсынылған сауалнамадағы жауаптардың мазмұны мен сапасы, оқу процесінде білім беру үшін Microsoft технологиясының жаңашылдығы мен қолданылу деңгейі; сондай-ақ үміткер өзінің жауаптарында оның бағдарламаға қатысуы оқушылардың дамуына және өзінің кәсіби жетілуіне қалай әсер етуін қаншалықты егжей-тегжейлі сипаттағаны.

Инновациялық сарапшы-оқытушылардың біліктілігі мен мансаптық өсуіне Microsoft көптеген мүмкіндіктер ұсынады. Олар инновацияларды қамтуды кеңейту үшін әлемге әйгілі оқытушылармен және мамандармен тәжірибе бөлісе алады, Microsoft сандық қосымшаларын жасаушылармен фокус-топтарға және жаңа функцияларды тестілеуге қатыса алады; Microsoft командасымен бірге білім беру саласындағы түрлі іс-шараларға, сондай-ақ Microsoft халықаралық вебинарларына қатыса алады. Мұғалімдер презентациялар мен баяндамалар, тренингтер және (немесе) коучинг өткізу, сондай - ақ әріптестерін Microsoft білім беру қоғамдастығына қатысуға шақыру арқылы өз тәжірибелерімен бөлісе алады және әріптестерінің-басқа оқытушылардың (мектепте, округте немесе оқу іс-шараларында) біліктілігін арттыруға қатыса алады.

"Қазақстан егеменді мемлекетінің мұғалімі ретінде мені оқушыларды тәуелсіз болуға, білім алуға және ертеңгі күнге бағдарлауға үйрету үшін не істей аламын деген сұрақ қатты алаңдатады. Бүгінгі таңда заманауи технологияларды, аудиовизуалды құралдарды, интернет – ресурстарды, электронды оқулықтарды қолдану оқулық шеңберін кеңейтуге, оны бейнелі түрде ұсынуға, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, сабақтарды жоғары эстетикалық деңгейде өткізуге мүмкіндік береді. Біздің мақсатымыз - оқушыларды оқуға үйрету, тәуелсіздікке үйрету, білім алуға үйрету", деп атап өтті Искакова Диляра Ахметханқызы, Microsoft (MIE) инновациялық педагог-сарапшысы, бастауыш сынып мұғалімі, "Шоқан Уәлиханов атындағы жеке меншік мектеп".

Биыл әлемнің түкпір-түкпірінен 20 000-нан астам мұғалім "Microsoft Innovative Education (MIE) Expert 2020-2021" бағдарламасы бойынша конкурстық іріктеуден өтті. Бағдарламаны конкурстық іріктеу жеңімпаздарының халықаралық тізімімен осы сілтеме бойынша танысуға болады.