Алдын алу жұмыстары эвакуациялау арналарын кеңейту және тереңдету, сондай-ақ диаметрі 200-ден 300 мм-ге дейінгі сифондарды орнату және іске қосу үшін арнайы шағын көлемді техниканы пайдалана отырып, қолмен де, жару тәсілімен де жүргізіледі.
Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап Алматы қаласы мен Алматы облысының аумағында 17 аса серпінді қауіпті мұздақ көлдерде жұмыстар жүргізілуде, оның ішінде 15 көлде (Ақсу өзенінің бассейндерінде №49, №50, №18 Бүйен көлі, №19 Талғар көлі, Сарқан көлі, Ақкөл көлі, Кіші Алматы көлі №6, Үлкен Алматы көлі №10, №13, Ақсай көлі №8, №9, №10, Қорғас көлі №2 Қапқан, Есік көлі №22,№23, Қаскелең көлі № 15) көлемдерді төмендету бойынша жұмыстар аяқталды, 2 көлде жұмыстар жалғасуда.
Ағымдағы жылы жағдайды бағалау үшін Қазселденқорғау, ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың мамандары Іле, Күнгей, Жетісу, Қырғыз және Талас Алатау, Тарбағатай, Тұрғысын жоталарының бассейндері бойынша 1 703 жерүсті қауіпті учаскеге тексеру және 24 аэровизуалды тексеру жүргізді.
Гидрометеорологиялық жағдайды бағалауды және тау өзендерін бақылауды Қазселденқорғаудың 112 бекеті мен 29 диспетчерлік пункті қамтамасыз етеді.
Өзендер мен автожолдар арналарының қауіпті учаскелерінде 285 ақпараттық қалқан және ескерту белгілері қойылған.
Құрамында 115 адам және 64 бірлік Қазселденқорғау техникасы бар 12 авариялық-механикаландырылған бригада құрылды.