Бұл көмек "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамы мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында көрсетілген. "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы - "Samruk-KazynaTrust" әлеуметтік жобаларды дамыту қоры» қажетті жабдықты сатып алып, өңірлерге тапсырды.
Өңірдегі медицина мекемелері өкпені жасанды желдететін 4 құрал, 30 оттегі концентраторы, 60 пульстік оксиметрге ие болды. Сондай-ақ, өңірге "Шевролет-Дамас" маркалы екі жедел жәрдем көлігі келді. Бұл көліктер Орал қаласындағы екі емханаға берілді.
"Самұрық-Қазына" мен "Samruk-Kazyna Trust Fund" көрсеткен көмек бізге дер кезінде келді. Сол үшін демеушілерге көп алғыс айтқым келеді. Бұл жабдықтар біздің облыстық жалпы аурухана үшін коронавируспен күресте жақсы негіз болды. Біз қазір елді алаңдатып отырған індеттің екінші толқынына жақсы дайындық жасадық деп үміттенеміз. Сонымен қатар, бұл құрылғылар басқа да аурулармен ауыратын науқастарға да көмектеседі", деді облыстық көпбейінді аурухана директоры Арман Байдеуов.
Айта кетерлігі, осындай жабдықтар әр облысқа, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалаларға да беріледі екен.
"Бұл шараның барлығы ұлттық денсаулық сақтау жүйесін нығайту үшін, жұқпалы ауруларға, оның ішінде COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы тұру үшін жасалған", дейді "Самұрық-ҚазынаТраст" қорының ресми өкілі Мирас Іргебаев.
Жоғарыда айтылған Меморандум шеңберінде Қазақстанның медициналық мекемелеріне барлығы 100 жедел жәрдем көлігі, 1000 оттегі концентраторы, 50 желдеткіш және 1000 пульстік оксиметр жеткізілген.
Батыс Қазақстан