Аймақтар • 14 Қыркүйек, 2020

Алматыда 15 қыркүйек күні тұмауға қарсы екпе басталады

403 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин ертең, яғни 15 қыркүйекте тұмауға қарсы жаппай егу басталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыда 15 қыркүйек күні тұмауға қарсы екпе басталады

"Ертең тұмауға қарсы жаппай егу басталады. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы дайындық жұмыстарын жүргізді. Мысалы, былтыр әлеуметтік осал топтар үшін тұмауға қарсы екпенің 100 мың дозасы алынды. Ал биыл екпенің 130 мың дозасын сатып алдық. Сондай-ақ біз коронавирус инфекциясына байланысты тағы қосымша тұмауға қарсы екпенің 300 мың дозасын сатып алмақшымыз. Ол қараша айында келеді", деп атап өтті Жандарбек Бекшин.

 

Соңғы жаңалықтар