
"Қалада жол құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Алдыңғы кейпімен салыстырғанда қазір әлдеқайда қала көріктеніп, жолдар жақсарып қалды. Дегенмен сапасына, алдағы уақыттағы төзімділігіне назар аудару керек. Тұрғындардың ұсыныс-пікірін, олар үшін қолайлылығын да ескеруіміз керек. Әлеуметтік желіде күн сайын жол мәселесіне қатысты шағымдарды қарап отырамын. Ондай кедергілер туындамауы керек. Барынша қауіпсіз әрі сапалы жұмыс істелуі қажет. Сонымен қатар, шет аймақтардағы тас жолдарға қатысты мәселені де ертерек шешу амалдарын қарастырудамыз. Біздің көшелер мегаполиске сай болуы керек", деді қала әкімінің орынбасары.