Аталмыш жиынның маңызы жайлы орталықтың бас директоры, белгілі жазушы Әлібек Асқар: "Қазақстан әлемдік қоғамдастықтан өз орнын алғаннан кейін басқа мемлекеттермен әр қилы деңшһгейде қарым-қатынас орнауға тура келді. Бұл оқиға сапалы аударманың қажеттілігін тудырып отыр. Сондықтан, аталмыш бағыттағы курстарда аударма теориясы, жазбаша аударма мен ауызша аударманың ерекшеліктері, ілеспе аудармашыға қажетті базалық грамматикалық және фразеологиялық үлгілер, сөздік қорды байыту жұмыстары бойынша дәрістер оқытуды қолға алып келеміз", деді.
Курсқа қатысушыларға аударма теориясы мен практикасы, аударматанудың өзекті мәселелері шеңберінде оқу-әдістемелік көмек көрсетіліп, аударма саласындағы ғалым мамандар озық тәжірибесімен бөлісті.
Бұл шараға орталық және жергілікті атқарушы органдарының аудармашылары қатысып, оларға біліктілік сертификаттары табысталды.