Нью-Йоркте өткен АҚШ-тың ашық біріншілігі өз мәресіне жетті. Бұл жарыста Қазақстанның бес теннисшісі бақ сынады. Солардың арасында Юлия Путинцева ең үздік нәтижеге қол жеткізді. Бұл күндері әлемнің 35-ракеткасы атанып отырған жерлесіміз ширек финалға дейін жетіп, өз жанкүйерлерін бір қуантып тастады. Михаил Кукушкин үшінші кезеңде өнер көрсетсе, соңғы кездері айшықты өнерімен көзге түсіп жүрген Елена Рыбакина екінші айналымнан аса алмады. Ал Александр Бублик пен Зарина Диас өздерінің тұсаукесер кездесулерінде сүрінді.

Теннисшілер арасында «Үлкен дулыға» санатына жататын турнирлердің мәртебесі аса жоғары. АҚШ пен Аустралияның ашық біріншіліктері, Ролан Гаррос пен Уимблдонда табысты өнер көрсету осы спорт түрін серік еткен әр ойыншының арманы. Сонымен қатар олардың жүлде қоры да өте қомақты. Ал ең бастысы, айтулы жарыстарда табысты өнер көрсетсең, әлемдік рейтингтегі жағдайың да күрт жақсарады.
Өткенге зер салсақ, «Үлкен дулыға» додаларында Қазақстанның санаулы ғана теннисшілері ауыз толтырып айтарлықтай табыстарға қол жеткізгенін анық аңғаруға болады. Мәселен, Ярослава Шведова (2010, 2012) мен Юлия Путинцева (2016, 2018) екі реттен Ролан Гарростың ширек финалына шықты. 2018 жылы Уимблдонда Шведова дәл сол межеге дейін жетті. Міне, бар табысымыз осымен ғана шектеледі.
Күні кеше ғана аяқталған АҚШ-тың ашық біріншілігінде Путинцеваның жоғарыдағы нәтижені жақсартуына жақсы мүмкіндігі болды. Нью-Йорктегі жарыстың алғашқы айналымдарында америкалық Робин Монтгомери, белоруссиялық Вера Лапко мен Александра Сосновичті сан соқтырған жерлесіміз төртінші кезеңде әлемнің 15 ракеткасы, хорватиялық Петра Мартичтен мерейі үстем болды. Сөйтіп Юлия алғаш рет US Оpen турнирдің ширек финалына жолдама алды.
Ширек финалда Юлияның жолы америкалық Дженнифер Брэдимен қиысты. Екеуі де 1995 жылы дүниеге келген. Осы межеден сүрінбей өткен жағдайда Путинцеваның есімі «Үлкен дулыға» санатындағы жарыстардың жартылай финалында өнер көрсеткен тұңғыш қазақстандық теннисші ретінде тарихта қалатын еді. Дәл солай болатынына біз де кәміл сендік. Себебі соған дейін АҚШ өкілімен екі мәрте шеберлік байқасқан отандасымыз екеуінде де басым түсті және де Дженнифердің бағындырған пәлендей белестері де жоқ. Кәдімгі қатардағы көп ойыншыларының бірі. Қазіргі кезде WTA рейтингінде Брэди Путинцевадан алты саты төмен тұр. Бірақ бұл жолы Юлияға тарихта із қалдыру бақыты бұйырмады. Қос құрбы арасындағы бәсеке америкалықтың пайдасына шешілді.
Өзге ойыншыларымыз жайында айтсақ, тұсаукесер кездесуде Александр Бублик ұлыбританиялық Кайл Эдмунтен және Зарина Диас америкалық Бернарда Перадан ұтылды. Алғашқы айналымда украиналық Катарина Завацкаяның тас-талқанын шығарған Елена Рыбакина келесі ойында АҚШ-тың өкілі Шелби Роджерстен жеңілді. Оларға қарағанда Михаил Кукушкин біраз тәуір ойнады. Бастапқыда ол мажарстандық Атилла Балаж бен чилилік Кристьян Гариннен басым түсті. Алайда үшінші кезеңде аустралиялық Джордан Томпсонның осал тұсын таба алмады.
АҚШ-тың ашық біріншілігінің жүлде қоры биыл 53 400 000 долларды құрады. Қазақстанның теннисшілері арасында ең үздік нәтижеге қол жеткізіп, ширек финалда өнер көрсеткен Юлия Путинцеваның есепшотына 425 000 доллар аударылды. Егер жерлесіміз жанкештілік танытып, тағы бір кездесуде жеңіске жеткенде 800 мың долларды «әмиянына» салатын еді. Бұл – жартылай финалға жеткен спортшыларға берілетін сыйақы мөлшері. Ал финалға шыққандары 1,2 миллионды еншілесе, жеңімпаз атанғандардың байлығы 3 миллион долларға артады. Сондай-ақ жарты жолда қалып қойғандар былай тұрсын, бастапқы бәсекелерде сүрінгендердің өздері АҚШ-тан құр қол қайтпайды. Олар мынадай көлемде қаржыға иелік етеді: бірінші кезең – 61 мың, екінші кезең – 100 мың, үшінші кезең – 163 мың және төртінші кезең – 250 мың доллар.
Сонымен, 15 күнге созылған US Оpen турнирі өз мәресіне жетті. Бұл жарыста әйелдер арасында ақтық сында белоруссиялық Виктория Азеренко мен жапониялық Наоми Осака кездесті. Бұл бәсеке 1:6, 6:3, 6:3 есебімен Күншығыс елі өкілінің пайдасына шешілді. Бұл – оның АҚШ-тың ашық біріншілігіндегі екінші жеңісі. Осака осыдан екі жыл бұрын дәл осы турнирде топ жарды. Ал аса тартысты өткен ерлер сайысында аустриялық Доминик Тим германиялық Александр Зверевтен 2:6, 4:6, 6:4, 6:3, 7:6 есебімен айласын асырып, өзінің спорттық карьерасында тұңғыш рет «Үлкен дулыға» додасының жеңімпазы атанды.
«Ясауи ізімен» экспедициясының көкжиегі кеңейеді
Руханият • Кеше
Тариф тұрғындарды тығырыққа тіремеуі тиіс
Қазақстан • Кеше
Ресей президентінің кезекті жолдауы
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Президенттік институт – пәрменді билік
Елбасы • Кеше
Өзегіне ұлт мінезі ұялаған «Салтанат»
Өнер • Кеше
Дулыға Ақмолда: Менің ешкімге ұқсағым келмейді
Өнер • Кеше
Таным • Кеше
Тоқішек пен тікішек обырларына шалдыққандар неге көбейді?
Медицина • Кеше
Екпе салдырушылар саны артып келеді
Аймақтар • Кеше
Дәрігерге «құрылысшы» киімі сатып алынғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
АҚШ санкциясы Қазақстанға әсер ете ме?
Қазақстан • Кеше
Ақтоғайдан Алматыға, одан кейін Бордо...
Спорт • Кеше
Қоғамдық кеңестердің өкілеті едәуір артады
Қазақстан • Кеше
Семейде 18 мектеп карантинге жабылған
Білім • Кеше
Ауылдарға ауыз судың жетуін Nur Otan бақылайды
Қоғам • Кеше
Қазақстанның Исландиядағы жаңа консулы таныстырылды
Саясат • Кеше
Адам өліміне қатысы болған экс-әкім қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Латын әліпбиінің жаңа нұсқасын талқылауға ұсынды
Қазақстан • Кеше
Сауран ауданына алғашқы әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Атыраудың ауылдарына таза ауыз су жеткізуді тапсырды
Аймақтар • Кеше
Президент Атыраудағы денсаулық сақтау нысандары ескіргенін айтты
Аймақтар • Кеше
Ұлтқа берері көп тұлғаларымыздан айырылып қалып жатырмыз - Қ.Тоқаев
Президент • Кеше
Атырау облысында 37 жаңа мектеп салынады
Аймақтар • Кеше
Жол саласындағы мәселелерді кешенді түрде шешу қажет
Президент • Кеше
Президент Сарайшық қаласындағы туристік саланы дамытуды тапсырды
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы: Атырау облысында медицина мамандары жетіспейді
Медицина • Кеше
Жол салатын мердігерге талап қатаң болуға тиіс – Президент
Президент • Кеше
Жалақысы көп өңірлер анықталды
Қаржы • Кеше
Жамбыл облысында көлік ұрлығы 40 пайызға азайған
Аймақтар • Кеше
Отандық QazVac вакцинасының алғашқы партиясы пайдалануға берілді
Қазақстан • Кеше
Мемлекет басшысы: Қашаған кен орнын толық игеру керек
Президент • Кеше
СҚО-да өртенген саяжайдан ер адамның денесі табылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда биыл жеке тұлғалардан 5,3 млрд теңге көлік салығы түсті
Аймақтар • Кеше
Ұлт тарихтын зерделеудің бүгінгі ұстанымы
Тарих • Кеше
Алматы облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Жол сапасы ішкі туризмнің дамуын тежеп келеді – Сенат депутаты
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар