...Бұл артық айтылғандай көрінуі мүмкін. Бірақ пандемияға дейін және пандемиядан кейінгі кезеңді салыстырсақ, сапалы интернеттің маңызы әлденеше есе артқанын көріп отырмыз. Білім беру, денсаулық сақтау сияқты өзекті әлеуметтік салалар да, мемлекеттік басқару да, экономика да – бәрі-бәрі цифрлы құрылғылар арқылы атқарылатын уақыт келді.

Қашан толық қамтылады?
Сарапшылар интернеттің су, азық-түлік сияқты сапалы өмір сүрудің көрсеткішіне айналғанын айтады. Тіпті цифрлы жүйені неғұрлым тереңірек меңгерген елдер коронавирустан соғұрлым аз зардап шегетіні де дәлелденді.
Пандемия басталғалы интернетке деген сұраныс күрт артқанын жоғарыда айттық. Қазақстанның басты интернет провайдері саналатын «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев: «Коронавирустың таралуы басталмай тұрып «Қазақтелеком» уақыттың түрлі сынағына дайындала бастады. Соның нәтижесінде сын сағатта сүрінбедік деп айта аламын. Бірнеше ай ішінде телекоммуникация саласында үлкен өзгеріс болды. Өздеріңіз байқап жүрсіздер, қазір адамдардың қарым-қатынасының, ақпарат алмасуының, оқуы және жұмыс істеу, сауда жасауы секілді күнделікті тіршілігінің жаңа моделі қалыптасты. Халық мұның бәрін онлайн жасауға болатынын білді, соған бейімделді. Кәсіпкерлер кеңсе жалдамай-ақ қызметкерінің әлеуетін пайдалануға болатынына көз жеткізді. Бизнесмендер кәсібін онлайн алаңда жүргізудің тиімді тәсілдерін іздей бастады. Тіршіліктің осы жаңа қалпы карантин біткеннен кейін де жоғалып кетпейді», дейді.
Тіршіліктің жаңа моделі үшін, әрине, сапалы интернет керек. Ол ел территориясының әр пұшпағын түгел қамтуға тиіс.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігінің мәліметіне сүйенсек, бүгінде республика бойынша 4 646 елді мекен, яғни халықтың 97,3 пайызы кең жолақты интернетке қосылған. 900-ге тарта ауыл ғаламтор желісінсіз отыр. Бұл – қыркүйектің басындағы дерек. Дегенмен министрлік жыл соңына дейін ауыл халқының 99,3 пайызы интернетпен қамтылатынын айтады.
Еліміздің басты интернет провайдері «Қазақтелеком» жыл басынан бері 9 мың шақырым талшықты-оптикалық желі тартты, оған 828 ауыл қосылуға тиіс. Акционерлік қоғамның басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевтің айтуынша, 828 ауылда 2 мыңға тарта мемлекеттік мекеме, атап айтқанда, әкімдіктер, ауруханалар, мектептер бар. «Қазақтелекомның» міндеті – осы негізгі мекемелерге байланыс желісін жеткізу.
– Аудан орталықтарының, ауылдық елді мекендердің негізгі бөлігі интернетке қосылды. Жыл соңына дейін барлық ауылды қосамыз, – дейді Қ.Есекеев.
Одан кейінгі жұмыс Tele2, Kcell сынды операторлардың үлесінде. Қазірдің өзінде олар ауылдарда базалық станса орнатуға кірісіп кетті.
Жұмыс екі бағытпен жүреді
Жалпы, Қазақстан аумағын сапалы интернетпен қамту бағдарламасы екі бағытта жүретінін айта кетейік. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан бірінші бағыт – талшықты оптикалық байланыс желісін тарту. Ол Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігінің және «Қазақтелеком» АҚ-ның қатысуымен, мемлекет-жекеменшік әріптестігі негізінде атқарылуда. 14 жылға жоспарланған жобаның алғашқы кезеңінде, 2018-2020 жылдар аралығында республика осы ТОБЖ-мен түгел қамтылуға тиіс. 2021-2032 жылдар аралығындағы екінші кезеңде «Қазақтелеком» тартқан желілерге қызмет көрсетіледі. ТОБЖ бойынша үш жылда 14 514 шақырым желі төселіп, бас-аяғы 2500-ден астам ауыл талшықты-оптикалық байланысты пайдалана бастауы тиіс.
«Қазақтелеком» жүзеге асырып жатқан екінші бағыт – «250+» бағдарламасы ТОБЖ-дан өрбиді. ТОБЖ басқа ұялы байланыс операторларына тартылған желі арқылы стансаларын қойып, жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Яғни ұялы байланыс операторлары «Қазақтелекомның» ізімен жүріп отырып, ауылдарды радиосигнал арқылы интернетке қосады. «250+» жобасына жуырда «Кар-Тел» де қосылғаны белгілі болды.
«Қазақтелеком» екінші бағыт туралы бізге: «Қазақтелеком» АҚ компаниялар тобына кіретін ұялы байланыс операторлары стансаларын ТОБЖ тартылған, халық саны 250 адамнан асатын ауылдарда тұрғыза бастады. Жобаны іске асыру нәтижесінде кең жолақты интернеттің қолжетімділігі толық қамтамасыз етіледі», деп хабарлады.
«250+» атауы елді мекен халқына орай таңдалғаны түсінікті. Ал халық саны одан да аз ауылдардың күні не болмақ? Ол үшін ұлттық интернет провайдері «50+» жобасын жүзеге асыратыны белгілі болды. Бұл ел халқының цифрлы әлемде тең мүмкіндікке ие болуына ықпал етуі тиіс.
Сапасы сын көтеруі керек
Дамыған елдер 5G технологиясын меңгеріп жатқан тұста интернеттің сапасы да ерекше маңызды екені түсінікті. Өкінішке қарай, биыл көктемде жарияланған төтенше жағдай кезінде кей жерлерде байланыс әлсірегені жасырын емес. Бұған қатысты «Қазақтелеком» компаниясының басшысы Қ.Есекеев: «Біздің онлайн арналар мен call орталықтарға интернет қосуды, байланыстың жаңа түріне ауысуды сұрап хабарласатындар күрт көбейді. Мәселен, тек наурыз айының өзінде абоненттік базамыз 25 мың клиентпен толықты. Бұл жерде клиент дегеніміз үй, ал ол үйде бірнеше адам тұрады ғой. Яғни 25 мың клиент жан басына шаққанда шамамен 75 мың – 100 мың адам деген сөз. Бұл дегеніңіз интернет желісіне артылған қосымша жүктеме. Адамдар жұмысты үйден істеген, сабақты қашықтан оқыған, сауданы онлайн жасаған, жиналыс пен кездесулерді желіде өткізген кезде, одан қалды бар ермегі смартфон болғанда интернетке бұрын-соңды болмаған салмақ түсті. Қазақтелеком компаниялар тобына (Activ/Kcell, Tele2, Altel) түскен салмақ наурыздың басында 5%-ға артты, сәуір айында тағы 20%-ға өсті», дейді.
Қысқасы, «Бәрі бір мезетте желіде» феноменінің салдарынан трафик тым қатты ұлғайған. Бұрындары трафик көтерілетін уақыт белгілі еді, ол ұзаққа созылмай төмендейтін. Ал карантинде 24 сағат бойы трафик төмендемей тұрды. Оның үстіне, әр абонент жүктелуі ауыр контентке ауысты, яғни бейнеконтент, фильмдер көре бастады. Үйге тартылған 1 желіден бір мезетте теледидар, планшет, компьютер, телефон арқылы кино, бірі оқу бағдарламасына қосылса, тағы бір адам онлайн жиналысқа қатысса, бейнеқоңыраумен сөйлессе, жүктеменің артатыны белгілі. Қаладағы бар автокөлік бір мезетте жолға шықса, ол жол қанша сапалы, кең болса да кептеліс пайда болады ғой. Бұл да сол секілді. Дегенмен, «Қазақтелеком» интернет арналарын кеңейту бағытында шұғыл шараларды қолға алды. Мәселен, арналардың сыйымдылығын 360 гигабитке (1200 Гбит/с-тен 1560 Гбит/с-қа дейін) кеңейтті. Сыртқы интернет арналарын шамамен 25%-ға үлғайтты. Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір жергілікті кэштеу серверлерінің көлемі сыртқы арналар көлемінің 92%-ын құрайды. Қарапайым тілмен айтқанда, сырттан келетін интернет-трафиктің жартысы Қазақстанда шоғырланған. Бұл клиенттерге жоғары сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Қазір де көп жұмыс онлайн атқарылып жатқандықтан былтырғымен салыстырғанда серверлерге түсетін салмақ әлденеше есе артық. Соған қарамастан уақтылы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде байланыс жақсы істеп тұр.
– Бізде Қазақстан аумағындағы трафик бар, еліміздегі барлық интернет ресурстар мен оның хостингі өз елімізде. Сонымен қатар шетелдік трафик бар, оның хостингі сырт елде. Мысалы, ғаламдық Facebook, Youtube секілді желілер. Бұл ресурстарды пайдалану сапалы болуы үшін бірқатар шетелдік трафик компаниямыздың дата орталықтарында тұрған серверлерге кэштеледі. Осы арқылы көптеген танымал ресурсқа қосылу жылдам әрі сапалы болады. «Қазақтелекомның» серверлік мүмкіндіктеріне келер болсақ, біздің резервіміз бар. Мәселе серверлердің қуатында емес, мәселе интернетке сұраныстың күрт өсуінде болып тұр. Халықаралық IT-компаниялар мен әлемдік телеком-операторлары ғаламдық желіге артылған жүктемені азайту бағытында бірқатар шара қабылдады. Мысалы, YouTube бейнероликтерді бұрынғыдай жоғары сапалы HD форматында емес, стандартты сапада ұсына бастады. Netflix те Еуропа бойынша тарату жылдамдығын 4 есе азайтты. Осы секілді Facebook, Instagram, Disney+ ресурстары бейнероликтер сапасын әдейі төмендетті, – дейді Қ.Есекеев.
Радиофобия салдары
Радиофобияны Қазақстанға ғана қатысты деуге болмайды. Бұл бірнеше жылдан бері бүкіл әлемде ұялы байланысқа кедергі келтіріп жүрген мәселелердің бірі. 5G стандартының қанат жаюы мен коронавирус індетінің қатар келуі жағдайды біраз күрделендіріп жіберді.
Айталық, Лондонда бір топ азамат коронавирус таратады деп ойлап 5G желісінің бағандарын қиратып тастады. Ресейде бір елді мекен тұрғындары 5G стансалары арқылы халыққа жаппай чип салады деп, тұтас байланыс стансасын өртеп жібергені белгілі болды. Қазақстанда жағдай дәл бұлай ушыққан жоқ, әрине. Дегенмен, радиофобия деңгейі айтарлықтай жоғары болып тұр. Бұл туралы «Қазақтелекомның» баспасөз қызметі:
«GSM стандартының базалық стансалары көптеген жыл бойы тұрғын үй алаптарына іргелес орналасқан және осы уақыт бойы ешқандай аурудың өршуіне себеп болған жоқ. Соған қарамастан, халықтың бойын үрей билеп, байланыс сапасын жақсартуға қарсылық білдіріп отыр. Нақтырақ айтсақ, радиофобия салдарынан «Қазақтелекомның» компаниялар тобына кіретін екі ұялы байланыс операторының стансаларын көшіру деңгейі өте жоғары – 20%-дан асып жығылады, – деп хабарлады.
Мәселен, Tele2 операторы өткен жылы республика бойынша 61 стансасын бұзып, орнын ауыстырды. Оның он бірін тұрғындар талабы көшіріпті. Kcell компаниясы да былтыр және биылғы 6 айда 34 стансаны халықтың талабы бойынша көшірген. Радиофобтар ұялы байланыс құрылғыларын өздері қолдануды тоқтатпайды, олардың ойынша, негізгі қауіп көлемі үлкен стансалардан келеді. Ал стансаны өздерінің сұранысы бойынша көшіргеннен кейін байланыс сигналы нашарлағанына шағым айтады.
«Базалық стансаларда 3G желілерінің жоғары сапалы жұмыс істеуі үшін деректерді оңтайлы беру жылдамдығы 500 метрге, ал 4G стансалары үшін 400 метрге жететінін түсіну керек», дейді «Қазақтелеком» АҚ Инновациялар жөніндегі бас директоры Нұрлан Мейірманов.
Радиофобияның кері әсерін халық биылғы наурыз-мамыр айларындағы төтенше жағдай кезінде қатты сезінді. Жұрт үйге қамалуға мәжбүр болған кезде жекелеген тұрғындардың радиофобиясы бірнеше ай бойы бүкіл тұрғын үйді ақпарат ағынынан және интернет арқылы жүзеге асатын барлық қызмет түрінен қағылуға мәжбүр еткен фактілер жиі тіркелген.
«Ксеll» ұялы байланыс операторының Стратегиялық даму департаментінің директоры Айбек Нұрқадырдың айтуынша, ауыл халқының бойында қалалықтар сияқты стансадан немесе 5G байланыс желісінен үрку, қауіптену мүлдем жоқ.
«Ауыл тұрғындары бұл жоба арқылы қандай мүмкіндіктерге ие болатынын түсінеді, ауыл мен қала арасындағы цифрлы теңсіздікті жоятынын біледі. Стансалар желісі жақын болашақта ауылды телемедицина қызметіне қосады, мемлекеттік цифрлы қызметтер жетеді, балалары цифрлы білім жүйесіне қосылады», дейді А.Нұрқадыр.
Жалпы, ғалымдар интернет тарату стансалары әр үйдегі микротолқынды пештердің қасында анағұрлым зиянсыз екенін бұрын дәлелдеп қойған. Микротолқынды пеш 120 ватт радиосәуле шығарады, теледидардың қуаты – кем дегенде 60 ватт, ал базалық стансадағы таратқыштың орташа қуаты – 20-30 ватт, максималды қуаты 46 ваттан аспайды. Себебі телефонға сигнал тарту үшін одан артық қуат қажет те емес көрінеді.
Сарапшылардың айтуынша, көпшіліктің қызу талқысына түскен жаңа 5G стандарты, техникалық сипаттамаларына байланысты бұрынғы байланыс желілеріне қарағанда анағұрлым қауіпсіз болады. Себебі толыққанды 5G желісі үшін 24 ГГц-тен жоғары диапазонда жиілік қажет. Бұл диапазондағы базалық стансаның ара қашықтығы шамамен 200 метрді құрайды. Яғни 5G стансаларын бір-біріне жақын орналастыру керек, сол кезде электрмагниттік сәулелену деңгейі азаяды. Ал бір-бірінен өте алшақ орналасса, көбірек зиян келтіреді екен. Өйткені ол кезде қалтадағы ұялы телефон сигналды іздеуге көп қуат жұмсайды, тиісінше сәулелену деңгейі бірнеше есе артады. Демек, антенналарды үйлердің жанына және шатырларына орнатуға қарсы болғандар өздерінің денсаулығына көбірек зиян келтіруі әбден мүмкін.
Елімізде 1222 науқас коронавирустан айықты
Коронавирус • Бүгін, 09:37
Өткен тәулікте 2842 адамда коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:32
Көкшетауда сауда үйінің терезесінен құлаған жігіт мерт болды
Аймақтар • Кеше
Киік мүйізінің 293 данасы тәркіленді
Оқиға • Кеше
Батыс Қазақстандағы Бөрлі ауылында карантин шаралары күшейтілді
Аймақтар • Кеше
Иманбек Зейкеновтің жаңа туындысы жарыққа шықты
Өнер • Кеше
Динара Сәдуақасова турнирге қатысудан не себепті бас тартқанын айтты
Қазақстан • Кеше
Маңғыстауға «Sputnik V» вакцинасының кезекті партиясы жеткізілді
Аймақтар • Кеше
Мәдениет министрінің қатысуымен қызметкерлер 300 түп ағаш екті
Экология • Кеше
Алматыда түске дейін 55 тұрғынға вакцина егілді
Аймақтар • Кеше
Аграрлық мамандықтарға бөлінетін ауыл квотасы артты
Білім • Кеше
Санкт-Петербургте Жамбыл Жабаевқа арналған кітап көрмесі ашылды
Руханият • Кеше
Орталық мемлекеттік архивке жаңа басшы келді
Тағайындау • Кеше
ІІМ Риддердегі бала өліміне байланысты үндеу жасады
Аймақтар • Кеше
«Нұр-Сұлтан – Теміртау» тас жолын су шайып кетті
Аймақтар • Кеше
Шымкенттің төрінде «Егемен Қазақстан» көшесі ашылды
Аймақтар • Кеше
Татьяна Ахметова Олимпиада жолдамасын иеленді
Күрес • Кеше
Әзербайжанда «Қазақ әдебиеті апталығы» өтіп жатыр
Қазақстан • Кеше
Алтай Көлгінов елорданы велосипедпен аралап шықты
Елорда • Кеше
Президент Ханзада Филипптің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
Президент • Кеше
Республика бойынша 8 өңір қызыл аймақта тұр
Қазақстан • Кеше
Елордада Жоғарғы сот судьясы қамауға алынды
Оқиға • Кеше
Елордалық оқушылар IV тоқсанда қалай оқиды?
Білім • Кеше
Пневмониядан 1 науқас қайтыс болды
Коронавирус • Кеше
Елімізде 1511 адам коронавирустан айықты
Коронавирус • Кеше
Қазақстанда бір күнде 2734 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының отырысы өтті
Саясат • 09 Сәуір, 2021
Шымкентте триатлоннан Қазақстан чемпионаты өтеді
Спорт • 09 Сәуір, 2021
Қазақстан елшісі Швецияның Сыртқы істер министрімен кездесті
Саясат • 09 Сәуір, 2021
ШҚО-да тұрғындар эвакуацияланды
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
Қазақстанда қанша микроқаржы ұйымы жұмыс істейтіні белгілі болды
Экономика • 09 Сәуір, 2021
Президент Атырау және Ақтөбе облыстары әкімдерінің есебін тыңдады
Президент • 09 Сәуір, 2021
Елбасы Ханзада Филипптің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
Елбасы • 09 Сәуір, 2021
Биыл 4 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Қоғам • 09 Сәуір, 2021
Асқар Мамин «Роскосмос» басшысымен келіссөз өткізді
Үкімет • 09 Сәуір, 2021
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
Қостанай облысында жаппай вакцина егу басталады
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
М.Әйтенов: Халыққа вакцина егудің маңыздылығын қарқынды насихаттау керек
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы қалай жүзеге асырылып жатыр?
Руханият • 09 Сәуір, 2021
Президент ғарыш саласының мамандарына ризашылығын білдірді
Президент • 09 Сәуір, 2021
Ұйғыр ауданының судьясы жемқорлық фактісімен күдікке ілінді
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
Түркістан облысында вегетациялық маусым қалай өтеді
Экология • 09 Сәуір, 2021
Алматыда тау баурайы отқа оранды
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
Қабдеш Жұмаділовтің соңғы сұхбаты эфирге шығады
Руханият • 09 Сәуір, 2021
Филипп ханзаданың қазасы: Ұлыбританияда ұлттық аза тұту күні жарияланды
Әлем • 09 Сәуір, 2021
Түркістан облысында 7 тойхананың жұмысы тоқтатылды
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
Әйелдер ипотекасы қашан іске қосылатыны белгілі болды
Экономика • 09 Сәуір, 2021
Қазақстандық вакцина қашан дайын болады?
Қазақстан • 09 Сәуір, 2021
Жемқорлық: «СҚ-Фармацияның» экс-басшысына қатысты істің жайы белгілі болды
ANTIKOR • 09 Сәуір, 2021
Полиция қызметкері 14 жастағы қызды өлімнен аман алып қалды
Қоғам • 09 Сәуір, 2021
Президент елдегі жолдардың сапасына қатысты сын айтты
Президент • 09 Сәуір, 2021
Батыс Қазақстанда өзен жағасынан малдың өлекселері табылды
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
Алматыда карантин күшейтіле ме?
Коронавирус • 09 Сәуір, 2021
Алматы полициясы мылтықтан оқ атқандарға қатысты түсініктеме берді
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
Тбилисиде грузин тіліндегі Абай өлеңдерінің жинағы жарық көрді
Абай • 09 Сәуір, 2021
Қызылорда облысында заңсыз балық аулаудың екі дерегі анықталды
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
ШҚО: Қызға қол көтерген басқарма басшысы жұмыстан қуылды
Оқиға • 09 Сәуір, 2021
Елордада тарауих намазы мен ауызашар рәсімдері өткізілмейді
Қоғам • 09 Сәуір, 2021
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссияның алдағы міндеттері қандай?
Үкімет • 09 Сәуір, 2021
Коронавирус вакцинасы оразаны бұзбайды - Жанна Пірәлиева
Коронавирус • 09 Сәуір, 2021
Зейнетақыға үстемеақы қосылатыны рас па?
Қоғам • 09 Сәуір, 2021
Ақтөбеде 10 мыңға жуық адам вакцина қабылдады
Медицина • 09 Сәуір, 2021
Алтай Көлгінов жол қызметкерлерінің жұмысын сынға алды
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
Ұқсас жаңалықтар