«Адам деген бір жалаңаш нәрсе. Мінез, ақыл, сөз оның киімі есепті. Осылар көркем болса, жұрт көзіне көрікті, сүйкімді көрінеді» деген екен Мәшһүр Жүсіп Көпеев. Данышпан Лев Толстой «ақылыңа азықты көп беруге тырыс» десе, Федор Достоевский «адам бойындағы бағалауға лайық қасиет – ақыл емес. Қайта сол ақылды басқаратын қасиеттер: мінез, жүрек, мейірімділік, таза ой» депті.

Адамға ақыл қайдан келген? Мұның жалпыға ортақ жауабы түсінікті. Он екі мың ғаламды жаратқан Алла тағала адамды ерекше сүйіспеншілікпен ақылды, есті етіп, санасына сәуле құйды. Ақыл адамға нұрдан келеді деп айтуымыздың бір себебі осыдан болса керек.
Бүгінде адамзат білім мен ғылым арқылы ақылын көбейтіп, неше түрлі өнерді меңгеріп отыр. Дүниенің сырларын таныған үстіне тани түсуде. Алайда қаншама көп білем десе де, ол өз болмысын әлі толық тани алмай келеді. Кейде тіпті неше түрлі ақымақшылықтарға, ақылсыздықтарға баратындығын да көріп отырмыз. Демек, ақылды адам баласының өзіне бірдеңе жетіспейді. Абай атамыздың «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден ерек. Жеке-жеке біреуі жарытпайды, Жол да жоқ жарыместі «жақсы» демек» деуінің бір себебі осыдан болса керек.
Қателессек, Құдай кешірсін, біздің қазақ халқы о баста ақылдың біраз бөлігін өзін қоршаған табиғаттан алғандай көрінеді.
Алты-жеті жасар бала кезімде екінші саусағымның бүгілер тұсына екі үлкен қара сүйел шықты. Оны көрген әжем жаңа ай туған кезде ме, жоқ әлде ескі ай әбден толған кезде ме, табалдырыққа тұрғызып қойып, «Ай-ау Ай, менің мына әй-әйімді ал» деп үш қайтара айтқызып, ұшықтады. Көп өтпей жаңағы екі сүйел жоқ болып кетті. Әжем молданың қызы еді. Бес уақыт намазын қаза қылған емес. Сөйте тұра сол кезде оның маған ем қолданғанда біздің тәңірлік танымымыздан келе жатқан ырымға жүгінгендігін енді шамалаймын.
Біздің тәңіршілдігіміздің ерте ғасырларда халқымыздың қоршаған табиғи ортамен қарым-қатынасын айқындаған, табиғаты мен ауа райы әркелкі байтақ өлкеде өмір сүруіміздің әдіс-тәсілдерін меңгерткен, сөйтіп әдет-ғұрпымызды, салт-дәстүрімізді қалыптастырған аса ықпалды рухани күш болғаны анық. Негізінде салт-дәстүр дегеніміз халық болмысында ғасырлар бойы қалыптасқан ақыл мен өмір сүру тәсілдерінің өзгермес жиынтығы секілді дүние. Көп адам өз білмегенін содан үйренеді және сол арқылы аға ұрпақтың қол жеткізген жетістіктері мен даналығын келесі ұрпақтарға беріп отырды. Біздің қазақ о баста біраз ақылды табиғаттан алған секілді деп шамалауымыздың бір себебі де осыдан.
Қоғам дамыған сайын адамда ақылдың пайда болуы туралы әртүрлі болжамдар айтылуда. Қазір мидың қай бөлігі қандай қызмет ететіндігі ғылымға анық. Бірақ ой мен қиялдың қалайша пайда болатындығы зерделей түсуді қажет ететіндей. Дегенмен ақылдың одан әрі дамуына жаңа жол ашылған секілді.
Әлемде үлкен сұранысқа ие болып отырған «Sapiens. Адамзаттың қысқаша тарихы», «Homo Deus. Болашақтың қысқаша тарихы» атты бестселлер кітаптардың авторы Юваль Ной Хараридің жазуынша, осыдан жетпіс мың жыл бұрынға когнитивтік революция (әртүрлі қызметтер әрекеттестігінен туған сана төңкерісі) ми қызметінің жаңа қырларын іске қосу арқылы сол тұста басқа жануарлардан көп айырмашылығы жоқ африкалық приматтардың бірте-бірте әлем қожайынына айналуына жол ашты. Қазіргі ғылымның анықтауынша, бұл ғажайып революция адам ДНК-сында пайда болған қос өзгерістің миды сәл-пәл қозғауынан бастау алған. Егер осы болжам рас болса, бүгінгі технологиялық жетістіктер мен жаңалықтар біздің генімізге қосымшалар енгізу арқылы ми қызметіне өзгерістер туындатып, осылайша екінші когнитивтік революцияны тұтандыруы әбден мүмкін. Оның біріншісі арқылы Homo Sapiens интерсубъективтік кеңістікке жол ашып, планетаның қожайынына айналса, екіншісі арқылы Homo Deus жаңа кеңістіктерге сапар шеге отырып, галактикалар билеушісіне айналуы ғажап емес.
Кезінде Гитлердің селекциялар мен этникалық тазалау арқылы қазіргі адамдардан әлдеқайда қабілетті жаңа адамдар тұқымын шығаруды жоспарлағаны белгілі. Ал ХХІ ғасырдың технологиялық гуманизмі мұндай мақсатқа гендік инженерия, нанотехнологиялар және нейрокомпьютерлік интерфейстер көмегімен неғұрлым бейбіт түрде қол жеткізуге болады деп есептейді.
Әуе компанияларының табысы құлдырады
Экономика • Бүгін, 09:58
Қыстың соңғы күніне арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:26
Түркістанда 5 адамның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Аймақтар • Бүгін, 09:25
Коронавирус: Бір тәулікте 2 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:17
Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты
Оқиға • Кеше
Түркістандағы оқиға: Арнайы комиссия құрылды
Оқиға • Кеше
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • Кеше
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • Кеше
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • Кеше
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • Кеше
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Кеше
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Кеше
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Экономика • Кеше
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Кеше
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Кеше
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Кеше
Алматы облысында әйелдер колониясына тыйым салынған заттар жеткізілген
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
Президент • 26 Ақпан, 2021
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қайырымды да батыл отандастарымызды марапаттады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан тарихы: 7 томдық академиялық еңбек әзірленеді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы тағайындалды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Петропавлда ұландықтар өртенген үйден үш адамды алып шықты
Оқиға • 26 Ақпан, 2021
Бас прокуратура әлеуметтік желілерде митингке шақыруға байланысты үндеу жариялады
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • 26 Ақпан, 2021
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • 26 Ақпан, 2021
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен бірқатар лауазым өкілі тағайындалды
Президент • 26 Ақпан, 2021
Қазақстанның АӨСШК-ге төрағалығы бірқатар елге гуманитарлық көмек берді
Қазақстан • 26 Ақпан, 2021
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан биржалық крипто-айналымның 1% -ын өзінің биржаларына аударуды жоспарлап отыр
Қаржы • 26 Ақпан, 2021
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Елордада жексенбіде СОО-лардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Нұр-Сұлтанда «Тәуелсіздіктің төл құрдастары» жобасы іске қосылды
Елорда • 26 Ақпан, 2021
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қымбатшылықтың себебін түсіндірді
Экономика • 26 Ақпан, 2021
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • 26 Ақпан, 2021
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • 26 Ақпан, 2021
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • 26 Ақпан, 2021
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұр-Сұлтанда жастарды жұмыспен қамтуға арналған меморандум жасалды
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
«Астана» велокомандасы Франциядағы жарысқа қатысатын спортшылар тізімін бекітті
Спорт • 26 Ақпан, 2021
Ұқсас жаңалықтар