Медицина • 15 Қыркүйек, 2020

Жүрекке жасалған күрделі операция

1576 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты түрік әріптестермен бірлесіп, эндоваскулярлық орталық қақ­пақшаны импланттау бойынша 70 және 80 жастағы пациенттерге операция жасалды.

Жүрекке жасалған күрделі операция

Аталған орталық ұйым­дас­тырған шеберлік класс шең­берінде институттың жетек­ші кардиологтары мен интер­вен­циялық кардиохирургтары Түркиядан келген доктор, профессор Ертұғрыл Окуянмен бір­лесіп, жүректің жүре пайда болған кемістігі – аорта қақпақ­шасының стенозы бар пациенттерге эндоваскулярлық аорталық қақпақшаны импланттау бойынша 2 операция жасады.

Рентгенэндоваскуляр­лық опе­­ра­ция жасау блогының мең­­герушісі Алексей Колес­ни­ков­тың айтуынша, аорта қақ­пақ­ша­сының стенозы қанның сол жақ қарыншадан қалыпты ағуы­на кедергі болатын аорта қақ­пақшасы саңылауының тарыл­уымен сипатталатын күрделі ауру. Алексей Евгеньевич, бұл пато­логияға, әдетте, егде жастағы адамдар шалдығады, дейді. Олар үшін бір ғана жол бар, ол – опе­рация жасау. Осындай па­циент­тердің 30%-дан 40%-ға дейі­­ні жалпы наркозбен, кеуде қуы­сын ашу, ағзаны жасанды қанай­на­лымға ауыстыру секілді жасала­тын әдеттегі операцияны көтере алмайды. Операциядан кейін­гі кезең де ауыр болады. Аор­та­лық қақпақшаны имплант­тау осындай қауіптердің бар­лы­ғын азайтады және ол, тіпті ашық жүрекке операция жасауға қар­сы көрсетілімі бар 75 жастан жо­ғары ауыр аорталық стенозына шалдыққан адамдарға да келеді.

Сонымен қатар операция аз инвазивті әдіспен жасалады және оның оң нәтижелерінің пайызы өте жоғары – 95-тен 100-ге дейін. Опе­рация жасалғаннан кейін нау­қастың күйінің мейлінше жақсарғаны байқалады. Кеуде қуысындағы ауыру сезімі, талып қалу және демігу секілді белгілер толығымен жойылып кетеді.

Осындай операцияларды жасау пациенттерге көрсе­тіле­тін медициналық көмектің сапа­сын арттыруға, респуб­лика­­да алдыңғы қатарлы медици­на­лық технологиялар мен инно­ва­ц­ия­лардың дамуы мен қол­да­нылуына, кардиохирургияда опе­ративтік араласулардың тех­­ни­касын меңгеруге жағдай жа­сап, мамандардың кәсіби білік­тілі­гін жаңа деңгейге көтеруге мүм­кіндік беретіндігін айта кеткен жөн.

Аорта қақпақшасын транска­тетерлік импланттау (TAVI)– аорта қақпақшасын жасанды биологиялық ауыстырудың аз инвазивті заманауи тәсілі. Жүрек біраз уақыт қанайналымның бұ­зылысын теңгерте алады. Алайда ерте ме, кеш пе: стенокар­дия синдромы, талып қалу, жүрек­тің қатты соғуы, демігу пайда бо­лады. Дәрі-дәрмек арқылы па­циенттің жағдайын аздап қана же­ңіл­детуге болғанымен, оны түгелімен өзгерту мүмкін емес. Аорта кемістігін емдеудің тиімді тәсілі – қақпақшаны протезбен алмастыру. Жеткізу жүйесі алы­нып тасталады, қақпақша өз қыз­метін бастайды. Операция шамамен 90 минут жасалады.

Профессор Ертұғрыл Окуян – Медицина ғылымдары уни­вер­ситетінің кардиология кафед­расының меңгерушісі, Стам­бул қаласындағы Bağcılar кардио­логия оқу-зерттеу клиникасы, Түрік кардиологтары қоға­мы басқармасының мүшесі, Еуро­палық кардиологтар қоғамы­ның, Еуропалық атеросклероз қоғамының, Америкалық жүрек қауымдастығының, америкалық гипертония қоғамының мүшесі, Жүрек-қантамыр академиялық қоғамының вице-президенті. Оның 100-ден астам еңбегі рецензияланатын халықаралық және отандық журналдарда жарияланған.